Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сегіз баланың анасымын, көмектесіңіз": Шымкентте шетелдік қыздар қайырымдылықты сылтауратып, алаяқтық жасаған

Шыскентте шетелдіктер қайырымдылық көмек сұрап майлық сатқан

Фото: Оtyrar.kz

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері көшеде күмәнді заттар сатып жүрген төрт қызды ұстады. Тексеру кезінде олардың барлығы шетел азаматшалары екені анықталды, біреуі кәмелетке толмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, қыздар ылғал майлықтар салынған қораптарды сатып, оларға "Мен сегіз баланың анасымын, өтінемін, мына майлықты сатып алыңыздар" жазуы бар қағаздар қоса таратқан.

Осылайша олар адамдардың аяушылығын тудырып, ақша алу мақсатында әрекет еткен. Полиция қыздармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан аумағында еңбек пен кәсіпкерлік қызметті заңды түрде жүргізу қажеттігін еске салды. Кәмелетке толмаған қызбен ата-анасының қатысуымен бөлек әңгімесі өткізілді.



Полицейлер мұндай әрекеттер қайырымдылық түрінде жасырып жасалатын алаяқтыққа жататынын айтып, тұрғындарды сақ болуға шақырды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 30 Қазан, 2025 17:52
Талқылау