Құлаққап тағып алған: Түркияда күзетші әйелді трамвайдың астына түсуден құтқарып қалды (видео)

Түркияда күзетші әйелді ажалдан аман алып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Түркияның Кайсери қаласында болған. Күзетшінің қырағылығы бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Kayseri Transportation компаниясы жариялаған видеодан құлаққап таққан әйелдің жақындап қалған трамвайды байқамай трамвай жолына шығып бара жатқанын байқауға болады. Сол сәтте жанында тұрған күзетші дереу әрекет етіп, әйелді тоқтатып үлгерген.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық дәрігерлер құлаққапты ұзақ тағудың қауіпті салдарын көрсеткен еді.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"