Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Бадықованың "Ыстық ұя" фильмі 1 миллиардтан астам касса жинады

Ыстық ұя 1 млрд жинады

Фото: Kinopoisk.ru

Танымал актриса Дариға Бадықованың “Ыстық ұя” атты фильмі сәтті шығып, 1 миллиард теңге касса жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалықты бөлісті.

“Ыстық ұямыз” миллиард жинады. Ыстық Ұя жай фильм емес, бұл – сезім. Бұл – сағыныш. Жүректерге жетсінші, жүректер қозғалсыншы деп түсірілген фильм еді… Талай суық жүректі жылытты, талай қатты жүректі жібітті. Бұдан артық жетістік жоқ, миссия орындалды. Халық өзі реклама жасаған халықтың киносы болды, рас. Сондықтан млрд касса, бұл халықтың фильміне халықтың берген бағасы деп білемін”, – деп жазды Дариға Бадықова.

Желі қолданушылары актрисаның адал еңбек, маңдай терінің ақталғанын жазып, құттықтауын жаудырды.

“Құтты болсын, шынайы жүректен халықтың жүрегіне жетіп, еңбектеріңіз бағаланды”, “Жарайсың, Аллам берекесін берсін”, “Құтты болсын жаным, еңбек бар жерде нәтиже бар ғой”, “Байың тағы еңіреп жатқан болар, “менің арқамда тағы миллиард тапты” деп”, “Керемет Дариға айналайын, өзіңнің ниетіңе, пейіліңе Алла беріп жатыр”, – деп ақжарма тілегін арнады көрермен.

STAN.KZ
Жұма, 17 Қазан, 2025 15:14
Талқылау