Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект қаржы, телеком және төлем жүйелерін қалай өзгертеді?

форумЖасанды интеллект қоғамның құрылымын түбегейлі өзгертеді. ЖИ – жай ғана құрал емес, ол – болашақ бағдарламасы. Бүгін  Digital Bridge 2025 халықаралық форумының алаңында өткен "Цифрлық сервистер мен ЖИ Қазақстандағы бизнес-процестердің стандарттарын қалай өзгертеді" панелдік сессиясында осындай пікірлер айтылды.  

Алғашқы болып сөз алған Freedom Bank-тің Цифрлық өнімдер және процестер жөніндегі басқарма төрағасының кеңесшісі Айнұр Темірханқызы форум қатысушыларына Freedom Вusiness мобильді қосымшасында кәсіпкерлерге қолжетімді дауыстық Freedom АІ-көмекшісін таныстырды. Ол көпшіліктің көзінше АІ-көмекшіге бірден тапсырма беріп, шотты толтырып, несие, тіпті қызметкерлерге жалақы төлетті. 

"Қолданба ішіндегі жеке кәсіпкерлер ChatGPT қызметіне еркін қол жеткізе алады. Қазіргі уақытта 49 команда бар. Осы командалармен оған тапсырма беріп, бірден орындатуға болады. Енді кәсіпкерлер дауыстық пәрменнің көмегімен өз шоттары арасында аударымдар жасап, депозиттен қаражатты толықтырады немесе алып тастай алады, ай сайынғы кредит төлемдерін жасай алады, айыппұлдарды, қызметкерлерге жалақы төлей алады, контрагенттерге шот-фактура жасай алады және тағы басқа операциялар бар. Қазір жаңа дәуір басталды. Банк қызметтері артта қалып, жасанды интеллект технологиялары алға шықты", - дейді ол.

форум

Цифрлық трансформация басшысы, ҚР Ұлттық банкі Басқарма төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов қаржы ұйымдарының жасанды интеллекті енгізуге дайындығы жөнінде сөз қозғады.

"Қаржы нарығына жасанды интеллекті енгізу дайындығын тексеру үшін біз 95 ұйымға оның тиімділігін бағалауды тапсырдық. Олардың 37-сі ғана жасанды интеллектіні қолданған. 18-і бизнеске пайдасын байқап, 11-і ғана жасанды интеллектке оң баға берді. Қалғандары әлі жасанды интеллекті зерделеп жатыр.Бұл қаржы саласының оны енгізуге дайын емес екенін көрсетеді. Бұл саладағы мамандардың жоқтығымен, тәжірибенің аздығымен байланысты болып отыр. 

Ұлттық банк қазіргі таңда валюталық бақылау және мониторинг саласында жасанды интеллектінің әлеуетін байқап отыр. Бұл валюталық келіссөздерді тезірек жүргізуге мүмкіндік береді. Біздің макроэкономикалық қызметімізде чат-боттың көмегі көп тиіп жатыр. Ол деректер базасына тез қолжеткізуді қамтамасыз етеді.  Алдағы мақсатымыз жасанды интеллект негізінде ақша-несие саясат комитетінің  виртуалды мүшесін жасап шығару. Ол біздің өткен жылдардағы, қазіргі деректерді жинап, бізге ұсыныс жасай алатындай болу керек", - дейді Тимур Жәленов.

Freedom Holding Corp. технологиялары жөніндегі бас директоры Ренат Туканов жаңа технологияның сеніміне ие болу керек деп есептейді.

"Қазір жасанды интеллект бізді жеңіп кетуі мүмкін бе деген кезеңнен өтіп жатырмыз. Барлық технологияда қауіп-қатер бар. Қауіпсіздік жауапкершілігін компания, банктер мен тағы басқа ұйымдарға жүктей саламыз.Негізі деректерді қорғау өзімізге байланысты.  Жасанды интеллектіні енгізгенде әр кезде не сезінгенің, не істегенің түсінікті және қолжетімді болады. Оны бірнеше секундта өңдеуге болады. Жасанды интеллектің бізді жеңіп-жеңбейтінін уақыт көрсетеді", - дейді ол.

форум

Орталық Азия бойынша Visa вице-президенті және өңірлік менеджері Санжар Сүлейманов  жасанды интеллект төлемдерді қауіпсіз, ыңғайлы етіп, бизнес пен пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтады.

"Visa үшін тұрақты цифрлық экожүйені қалыптастыру маңызды. Біздің стратегиялық басымдықтарымыздың қатарына - жасанды интеллект, тұрақтылық және токенизация жатады.  Сонымен, соңғы бес жылда ғана алаяқтықтың алдын алуға, соның ішінде ЖИ негізіндегі платформаларды құруға 12 миллиард $ инвестицияланды. Visa инфрақұрылымы арқылы әдеттегі арналарға интеграцияланудың арқасында смартфондарды пайдаланушылардың 92% - ы үшін қол жетімді стейблкоиндерде 225 миллион доллардан астам есеп айырысу өтті. Токенизация карта деректерін цифрлық таңбалауыштармен ауыстырады, төлемдерді қауіпсіз, ыңғайлы етеді және бизнес пен пайдаланушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Осылайша, біз мемлекеттің, банктердің және қаржы технологиялары мен серіктестігінің арқасында цифрлық төлемдер тезірек, қауіпсіз және барлығына қолжетімді болатын болашаққа бет алдық", - деді Санжар Сүлейманов.

Freedom Telecom-ның бас директоры  Қайрат Ахметов жасанды интеллект негізіндегі дрондар уақыт үнемдеп, шығынды азайтып, үйден шықпай жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтады. Компания жобалары Қазақстанның телекоммуникациясында жасанды интеллектті сәтті қолдануға болатындығын көрсеткен.

"Біз үшін жасанды интеллект – бұл сән үрдісі емес, телеком - оператор жұмысының логикасын өзгертетін құрал. Жақында ауылдағы оптикалық желіні жобалау бірнеше апта және жүздеген сағаттық қол еңбегін қажет етті. Freedom Telecom-да біз кабельдік маршруттарды автоматты түрде бағыттайтын, абоненттерді кластерлейтін, орнату нүктелерін есептейтін және жабдықтың сипаттамасын құрайтын жүйені енгіздік. Бұл біздің инженерлердің уақытын үнемдейді, компания шығындарын азайтады және жобаларды ондаған аймақтарға кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз қазірдің өзінде нәтижені іс жүзінде көріп отырмыз. Мысалы, алты мыңнан астам үйі бар Шонжыда дрондар 20 сағат ішінде ауылды түсірді және осы мәліметтер негізінде біздің мамандар далаға шықпай-ақ жоба дайындады. Біздің жобаларымыз бүгінгі таңда Қазақстанның телекоммуникациясында жасанды интеллектті сәтті қолдануға болатындығын көрсетеді", - дейді ол.

форум

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым жасанды интеллект көмегімен  елдің бүкіл дерегін бір жерде шоғырландырып, ақпаратты басқаруға болатынын айтады.

"Біз сегіз ұйымның 21 дерекқорынан бір жерде ақпарат жинай алдық, 150 түрлі көрсеткішті автоматтандырдық, 55 ақпараттық панель салдық.  Сонымен қатар, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің көмегімен біз Smart Data Ukimet-ке қосылдық. Бұл бүкіл Үкіметтің бірыңғай деректер қоймасы, бұл бізге жаңа инсайттарды анықтауға көмектесті. Бұл жинақталған деректерді біз қазірдің өзінде ЖИ сервистерін құру үшін қолданамыз", - деді ол.

Digital Bridge 2025 халықаралық форумының бас серіктесі Freedom Bank болды. Банк ипотекалық кредит, автокредит және бизнес кредиттерін алуды цифрландырды. Сондай-ақ, Қазақстандағы алғашқы инвестор картасын INVEST CARD және басқа да бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Қазақстанның ірі қалаларында 17 филиалдан тұратын филиалдық желісі бар. Банк Freedom қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, бағалы қағаздармен сауданы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Holding Corp. холдингінің бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.

Freedom Bank-ке 2024 жылы 25 маусымда  №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы берілген.

STAN.KZ
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 21:15
Талқылау