"Қайрат" чемпиондар лигасында "Реал Мадридтен" 0:5 есебімен жеңіліп қалды
Фото: Real Madrid
UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турында қазақстандық "Қайрат" және Испанияның "Реал Мадрид" матчы 0:5 есебімен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғашқы минуттардан-ақ алматылық "Қайрат" командасы белсенді ойнауға тырысты. Бір сәтте шабуылшы Дастан Сәтпаевтың баспен соққан добы мадридтік қақпашы Тибо Куртуаға тиіп қалды. Алматылық клуб кейін де "Реал Мадрид" қақпасына бірнеше шабуыл ұйымдастырды, бірақ гол соға алмады.
Ойын барысында испаниялық команда басымдыққа ие болуға ұмтылды. 26-минутта "Қайрат" ойыншылары өз айып алаңында қате жіберді де, Килиан Мбаппе белгіленген пенальтиден мүлт кетпеді. Сонымен бірінші кезең 0:1 есебімен "Реал Мадридтің" пайдасына аяқталды.
Екінші таймда Мбаппе екі рет гол соқты. Ал Реалдың төртінші голын Камавинга соқты. Екі таймнан кейін ойынға тағы да 3 минут қосылды.
“Реал Мадрид” пен “Қайрат” ойыны 0:5 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, алматылық команда бірінші турда Португалияның "Спортинг" (Лиссабон) клубына 1:4 есебімен жеңілді. Енді "Қайрат" UEFA турнирінде Испанияның "Реал Мадрид", Италияның "Интер", Англияның "Арсенал", Бельгияның "Брюгге", Грекияның "Олимпиакос", Кипрдің "Пафос" және Данияның "Копенгаген" клубтарымен кездеседі.
Қазақстандық команда турнирде жалпы 8 ойында сынға түседі. Оның 4-еуі өз алаңында, 4-еуі сырт алаңда өтеді.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
