Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жанкүйерлер ашуға булықты": Алыпсатарлар "Қайрат" пен "Реал" матчына билеттерді екі есе қымбат бағаға сатып жатыр

билет бағасыФото: f.c.kairat Instagram парақшасынан алынды

23 қыркүйек күні "Қайрат" – "Реал" матчының билеттері санаулы сағаттар ішінде сатылып кетті. Енді алыпсатарлар Threads желісінде билеттерді қымбат бағаға қайта сататынын айтып, жазба жариялап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аншлаг пен әлеуметтік желідегі ажиотаждан кейін алыпсатарлар белсенділігін арттырды. Олар Threads желісінде матч билеттерін сататынын ашық айтып жатыр. Олар бастапқы бағасы 150 мың теңге болған билеттерді енді 500 мың теңгеге дейін сататынын айтып жатыр.

Скрин: Threads желісінен

Скрин: Threads желісінен

Ал кей алыпсатарлар билеттердің жеке тұлғаға рәсімделгеніне қарамастан, "матчқа өздерінің Жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы кіргізетінін" айтып, уәде беріп жатыр.

Скрин: Threads желісінен

Бұл жағдай әлеуметтік желіде сынға ұшырады. Олар сатушыларды жүйені айналып өтіп, жанкүйерлер есебінен пайда табуға тырысып жатыр деп айыптады. 

Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы ресми түрде ескерту жасап, үшінші тұлғалардан немесе ресми емес арналар арқылы алынған билеттердің күші жойылатынын мәлімдеген еді. Мұндай билеттерді алған адамдар стадионға кіргізілмейтінін жеткізген. 

"Билеттерді тек ресми платформалар арқылы сатып алыңыздар. Қайта сату заңсыз, ал алыпсатарлардан алынған билеттер жарамсыз болып есептеледі", – деді клуб өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар “Қайрат” пен “Реал Мадрид” футбол матчына билет ала алмағанын айтып шағымданған еді. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 24 Қыркүйек, 2025 16:12
Талқылау