Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл – ескі тәсіл": Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын реттеу тоқтатылады

Әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағасы енді реттелмейдіФото: freepik.com

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын реттеу жүйесі біртіндеп жойылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің сөзінше, енді азық-түлік атаулы әлеуметтік көмек алатындарға жеңілдікпен беріледі.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан бас тарту жоспары бар. Бұл – ескі тәсіл, қазіргі жағдайға сәйкес келмейді. Себебі біз өндірушілерге қандай баға қою керек екенін, қанша үстемеақы қосу керек екенін тікелей белгілеп, тізімдер құрамыз. Сондықтан Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында жаңа жүйе азық-түлік ваучерлері пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр. Бұл жүйе атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын азаматтарға арналған. Ваучер арқылы мұқтаж жандар азық-түлікті жеңілдікпен сатып ала алады.

Біз нарықтық құралдар мен механизмдерді қолдануымыз керек. Бұл шын мәнінде тиімдірек модель. Ол негізгі өндірушілерге де, тұтынушыларға да, яғни барлық қатысушыға тиімді жағдай жасайды”, – деді ол.



Шаққалиев пилоттық жоба биылдың соңына дейін жалғасатынын жеткізді. Ал 2026 жылы оның таралымы кеңейтіледі екен.

STAN.KZ
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 15:38
Талқылау