Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтелеком Қазақстанда алғаш рет 10 Гбит/с интернет пен Wi-Fi 7-ні іске қосты

Қазақстандықтар енді интернеттің жаңа дәуіріне қадам басты. “Қазақтелеком” DemoDay шарасында елді таңғалдырған үш бірдей жаңалығын жариялады: 10 Гбит/с жылдамдықтағы XGS-PON интернеті, сымды желімен теңестірілген Wi-Fi 7 технологиясы және заманауи Full-Digital қызмет көрсету жүйесі.

“Тежелу, бейненің қатып қалуы – бәрі артта қалды”

Компания осы жазда XGS-PON 10 Гбит/с интернетін іске қосқан еді. Бүгінде ондаған абонент бұл қызметті пайдаланып жүр және нәтижесі көңілден шығады.

“Бұрын терабайт көлеміндегі деректерді жүктеу үшін күндер қажет болатын. Енді бар болғаны бірнеше сағатта бәрі дайын. Мен қауіпсіздік саласында зерттеу жүргіземін, сондықтан мұндай жылдамдық – жұмысым үшін таптырмас құрал. Идеяларымды тез жүзеге асырып, нәтижесін жұмыста толық қолдана аламын. Бұл интернет мен үшін нағыз құтқарушы болды”, – дейді абонент.

Оның айтуынша, жаңа интернет тек жұмыс емес, отбасылық тұрмысты да жеңілдетті.

"Жұбайым бұрын YouTube-та бейнені мүлде көре алмайтын. Енді 4K сападағы видеоны еркін қарайды. Мен теледидардан басқа контент қосып қойсам да, бірнеше құрылғы қатар жұмыс істеп тұрса да, ешқандай тежелу болмайды. Барлығы мінсіз істейді", – дейді ол қуана.

10 гигабит – жаңа мүмкіндіктердің кілті

XGS-PON іске қосылуы үшін “Қазақтелеком” Астана, Алматы және Шымкентте желіні толық жаңғыртты. Енді бұл жұмыс еліміздің басқа қалалары мен өңірлерінде де жалғаспақ.

“Маусым айында біз 10 Гбит/с жылдамдықтағы XGS-PON интернетін іске қостық. Бұл – Қазақстандағы алғашқы коммерциялық сервис. Астана мен Шымкент тұрғындары қазірдің өзінде пайдаланып жатыр, Алматы кезекте тұр. Бұл жылдамдық – жаңа мүмкіндіктердің кілті. Кідіріссіз жұмыс, онлайн-білім алу, VR мен 8K бейнені көру, бір мезетте ондаған құрылғыны қосу – барлығы қолжетімді. Сонымен қатар, “Ауыл online” жобасын дамытып жатырмыз. 2027 жылға дейін 3000-нан астам ауылды интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз”, – деді “Қазақтелеком” АҚ Бөлшек бизнес дивизионының бас директоры Әсел Молдабекова.

Wi-Fi 7 – болашақтың сымсыз желісі

Шарада тағы бір қуанышты жаңалық жарияланды. Компания Wi-Fi 7 технологиясын енгізбек. Бұл – сымсыз желіні сымды интернетпен теңестіретін жаңа буын шешімі. Оның жылдамдығы 4 Гбит/с-ке дейін жетеді, кідірісі өте аз, бір мезетте ондаған құрылғыны қосуға мүмкіндік береді.

Wi-Fi 7 ресурсты көп қажет ететін тапсырмаларға арналды: 8K бейнелер, VR/AR қосымшалар, бұлттық ойындар еш қиындықсыз жұмыс істейді.

"Жаңа стандартты қолдайтын смартфон иелері, әсіресе Samsung құрылғыларын пайдаланатындар, Wi-Fi 7-нің артықшылығын бірден сезінеді. Абоненттеріміз жоғары жылдамдықтың арқасында гаджеттерінің барлық мүмкіндігін толық пайдалана алады", – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Full-Digital – кеңсеге бармай-ақ қызмет алу

DemoDay шарасында тағы бір маңызды бастама таныстырылды. Компания тұтынушыларға қызмет көрсетуді толықтай цифрлық форматқа көшіріп жатыр. Енді TelecomKZ қосымшасы арқылы абоненттер интернет, TV+ немесе SIM-картаны қосып, тариф таңдап, төлем жасап, өтінім қалдыра алады. Барлығы бірнеше батырманы басу арқылы іске асады.

Алайда компания дәстүрлі кеңсені де сақтауды ұмытқан жоқ. “Клиенттердің көбі технологияның қалай жұмыс істейтінін өз көзімен көріп, маманнан кеңес алғысы келеді. Сондықтан біз “Асылтау” бизнес-орталығында жаңа кеңсе аштық. Бұл кеңістік дәстүрлі қызмет пен цифрлық шешімдерді біріктіреді”, – деді мамандар.

“Қазақтелеком” таныстырған XGS-PON 10 Гбит/с интернеті мен Wi-Fi 7 технологиясы – Қазақстанда жаңа дәуірдің бастауы. Тежелу, бейненің қатып қалуы, интернеттің үзілуі – енді өткеннің әңгімесі. Қазақстандықтар бүгіннен бастап болашақтың технологиясын пайдаланып отыр

STAN.KZ
Бейсенбі, 18 Қыркүйек, 2025 09:00
Талқылау