Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында мектеп мұғалімі қызды ұрлап, ауылына алып кеткен

бойжеткен шағым білдірдіФото: Видеодан скрин

Қарағанды облысында мектеп мұғалімі қызды алып қашып, өз ауылына жеткізген. Алайда ата-анасы бойжеткенді дер кезінде құтқарып, полицияға арызданған. Алайда құқық қорғау органдары істі 10 айдан бері созбалап келеді екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қарағанды облысында мектеп мұғалімі қызды алып қашып, өз ауылына жеткізген. Алайда ата-анасы бойжеткенді дер кезінде құтқарып, полицияға арызданған. Алайда құқық қорғау органдары істі 10 айдан бері созбалап келеді екен. 

Мәліметке сәйкес қыз жігітпен өткен жылдың желтоқсан айында танысып, екі аптадай кездескен. Кейін қарым-қатынасты тоқтатқысы келген. Содан соң 23 жастағы жігіт қыз жұмысынан шыққан кезде достарымен бірге оны ұстап, көлікке күштеп отырғызып, ауылына алып кеткен. Бойжеткен ата-анасына геолокацияны жіберіп үлгерген. Ауылға барғанда оны жігіттің туыстары мен қолында ақ орамалы бар анасы күтіп тұрған. Қыздың жақындары ауылға дер кезінде жетіп, алып кеткен.

"Ол мені қорқыта бастады. Менің үйімде болғаныңды бәрі біледі. Қалай да келісесің, басқа амалың жоқ деді. Қалада мен жалғызбын, анам мен әпкем басқа ауданда тұрады. Мен ол адамнан қорқамын. Себебі ол әлі күнге дейін бостандықта жүр", – дейді қыз. 

Бойжеткен полицияға арыз жазғанымен, оны 1,5 айдан кейін ғана тіркеген. Ал істің қозғалғанына 10 ай өтсе де, нәтиже жоқ. Қыздың туыстары аудандық, облыстық прокуратураға, тіпті Бас прокуратураға шағымданған. Бірақ әр жолы "күте тұрыңыздар" деген жауап алған. 


Құрбысы қызды алып қашуды ұйымдастырған: Қазақстандық ару өзін көлікке малша күштеп тиеген сәтті ұмыта алмай жүр


Алматы тұрғыны көмек сұраған қызға жәрдем беріп, оны алып қашып кетпек болғандарды ұстауға атсалысты


"Бізде айғақтар бар, куәгер бар, видео бар. Неге іс сотқа жетпей жатыр? Бұл бізді ашындырады. Ол заң бойынша жазалануы тиіс еді. Алайда жазадан құтылып кете ме деп қорқамын. Бізден істі жауып тастау үшін қанша ақша берейік, деп сұрады. Біз келіскен жоқпыз", –деді қыздың анасы. 

Қыз бен оның туыстары күдіктіні заң аясында қатаң жазалауды талап етті. Қазір іс "Адам ұрлау" бабымен тергеліп жатыр екен. 

"Бүгін аудан прокуроры оларды жеке қабылдап, қылмыстық істің тергелу барысын түсіндірді", – деді Қазыбек би ауданының прокуратурасы. 

Қазақстанда мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Алайда статистикаға сүйенсек, мұндай істер сирек жағдайда ғана сотқа жетеді. Көп жағдайда қызды алып қашып кеткен соң бірнеше күн қамап ұстайды. Кейін қоғам қысымына ұшырап, амалсыздан келісім беруге мәжбүр болады.

Айта кетейік, бұған дейін 16 қыркүйектен бастап қылмыстық заңнамада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған өзгерістер күшіне енгені туралы жазған едік. Онда некеге мәжбүрлеп, қыз алып қашқандар 10 жылға дейін сотталатыны да айтылған.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 17 Қыркүйек, 2025 11:33
Талқылау