Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Енді теңін тапты": Қайрат Нұртастың анасы қалыңдықпен түскен суреттерінен кейін ұлын жақтады

қайрат нұртас свадбаФото: https://www.instagram.com/zhansulu.anuar_/

Желіде Қайрат Нұртастың бейтаныс қалыңдықпен түскен видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушылары сүйікті әншісінің іс-әрекетін қызу талқылап жатыр.

“Жұлдыздай бола алмайсың-ау сен", "Екінші әйелі осы шығар", "Не болып жатыр мына жақта", “Өз теңін тауыпты”, “Неге әйелі бар еркекке құмар екен?!”, "Жай жарнама секілді", "Байлық не істетпейді", – деп жазды көпшілік.

Алаңдаған жұрттың уайымын әншінің анасы басты. Сөзінше, ол келіншекті таниды екен. 

“Қоя салыңдаршы! Той көйлегін жарнамалау үшін түсірілімге шақырған. Ол әйелдің отбасы мен бала-шағасы бар. Күйеуі бар келіншек. Үйленіп кететіндей шулап жатырсыздар. Не болса соны жаза бермеңіздер! Видеоға музыка қойып, монтаждаудың керегі жоқ. Хайп жинап қайтесіңдер”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.



Айта кетейік, тамыз айында әншінің бесінші баласы дүниеге келген еді.

“Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің дейді. Қазір балаларым бар, жақында бұйырса бесінші балам дүниеге келеді. Сондықтан кейінгі кездері ата-ананың қадірін қатты біліп жүрмін", – деп концертінде айтқан еді Қайрат Нұртас.

STAN.KZ
Жұма, 05 Қыркүйек, 2025 16:30
Талқылау