Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қамауда 12 сағат та отырғызбай, шығарып жіберген": Тойда экс-қайын атасынан таяқ жеген әнші әділдік талап етті

азода толаева Фото: https://www.instagram.com/azoda.tolaevna/

Той үстінде бұрынғы қайын атасынан таяқ жеген әнші тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі ұрған адамды үйқамаққа жіберген тергеу сотын сынады.

“Төлеби аудандық тергеу сотының судьясы Сейтжан Исмаилов қайын атамды қамаудан босатып жіберген. ҚР ҚПК-нің талаптарында бұлтартпау шарасын қарау 48 сағат ішінде тергеушінің негізділігін растайтын іс құжаттарын зерделеу арқылы жүзеге асыратыны белгілі. Ал ұрып соққан бұрынғы қайын атам бас шарасын қарау жөнінде сот процесі 24 сағатқа да жетпеген. Тіпті 12 сағат та отырмаған. Екі ай үйқамақта болады. Бұл қалай сонда?! Үйінде шалқып өмір сүре ме?! Бізді көшеде ұрып, балағат сөз айтып кетсе ғана қамала ма?! Түсінбей отырмын. Қазақстанда әйел адамның ар-намысы мен мүддесін кім қорғайды?! 500 адамның көзінше ұрып, маған дене жарақатын салды. Менің сыртымнан күліп, балағаттап, видео таратты. Мен үшін ол кісі бөтен адам. Бес жылдан бері мен ол адамды көрмедім. Түркістан облыстық сотына мен үндеу жасаймын. Осы жағдай үшін мен тапсырыс алып қойған тойларымнан бас тарттым. Олар “Біздің тойымызға да келіп, шырқын бұзбай ма?! Сені тағы да ұрып кетпей ме?!” деп жатыр. Маған да оңай тиіп жатқан жоқ”, – деді әнші. 



Stan.kz тілшісі аталған оқиғаға байланысты тиісті құқық қорғау органдарынан пікір сұрады. Төлеби аудандық соттан пікір сұрады. 

“Полицейлер мониторинг барысында Төлеби ауданы Зағамбар ауылындағы мекемелердің бірінде мерекелік кеш кезінде болған оқиғаның видеосын тапты. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соттың санкциясымен оған қатысты тергеу мерзіміне "үй қамаққа алу" шарасы қолданылды. Тергеу аясында істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасады. Оның қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілуге ​​жатпайды”, – деді Түркістан полиция департаментінің ресми өкілі.

 

STAN.KZ
Жұма, 05 Қыркүйек, 2025 15:33
Талқылау