Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызын көз жұмды деп Америкаға беріп жіберген: Батыс Қазақстанда ару 25 жылдан соң ата-анасымен қауышты

отбасымен қауышты БҚО

Әлеуметтік желілерде АҚШ-та өскен қыздың Орал әуежайында туған ата-анасымен қауышқан сәтін түсірген видео кең таралып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 2000 жылы басталған. Батыс Қазақстан облысының тұрғынына жаңа туған қызының шетінеп кеткені хабарланған. Алайда 25 жылдан кейін баланың тірі екені және осы уақыт бойы шетелдегі асырап алған отбасында өскені белгілі болды. Қыз өзін тәрбиелеген әкесімен бірге Қазақстанға ұшып келіп, туғандарымен кездесті.

Көптен күткен кездесу сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарады. Туыстары бойжеткен қызды құшақтап қарсы алып, 25 жылдан кейін отбасы қайта табысты.

Бейнероликтерде көрсетілгендей, баланың жоғалуына қатысы болуы мүмкін үш дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалған. Қыздың әпкесі Айымгүл бұл әсерлі сәттің видеосын жариялады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 01 Қыркүйек, 2025 13:40
Талқылау