Қазақстанда зейнетке шыққаны үшін жұмыстан босатылған мұғалім басшылығынан 2 миллион теңге өндіріп алды
Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалған
Жамбыл облысында зейнетке шыққаны үшін жұмысынан босталыған мұғалім басшылығын сотқа бердң. Жыл соңына дейін жұмыс істеуге арызын қабылдамай, мәжбүрлі түрде сабаққа келмеген кезеңі үшін ол 2,1 миллион теңге жалақы өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғарғы соттың мәліметінше, Жуалы ауданының тұрғыны 1991 жылдан бері орта мектепте ұзартылған күн, кейін тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 2024 жылдың желтоқсан айында зейнеткерлік жасқа жеткен мұғалім мектеп директорының атына оқу жылының соңына дейін жұмыс істеуге ниет білдіріп, арыз жазған. Алайда, оның арызы еленбей, мектеп директорының бұйрығымен зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты жұмыстан босатылған.
“Мұғалім бұл бұйрыққа сотқа шағымданып, жұмысын қайта қалпына келтіруді, мәжбүрлі түрде сабаққа келмеген кезеңдегі орташа жалақысын төлеуді және моральдық шығынды өндіруді сұраған. Сот іс материалдарын зерттей келе, мектептің әрекеті Еңбек кодексінің, ұжымдық шарттың, салалық келісімнің нормаларын өрескел бұзғанын анықтады. Жұмыс беруші көрсетілген мерзімде еңбек шартын бұзу туралы хабарлама ұсынбаған және қызметкердің құқықтары ескерілмеген”, – деолінген хабараламада.
Осылайша Жуалы аудандық соты мұғалімді жұмыстан босату туралы бұйрықтың күшін жойып, талап қоюшыны бұрынғы тарих пәні мұғалімі қызметін қайта қалпына келтірді. 2024 жылдың желтоқсанынан 2025 жылдың мамыр айына дейін мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған кезең үшін мектеп әкімшілігінен 2,1 миллион теңге жалақы өндіріп алды.
“Сонымен қатар талап қоюшының пайдасына моральдық шығын ретінде 100 мың теңге, өкілдің қызметі үшін 250 мың теңге өндірілді. Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты сот аудан әкімдігінің білім бөліміне олардың қайталануына жол бермеу шараларын қолдануды талап етіп, жеке ұйғарым шығарды”, – делінген хабарламада.
Сот шешіміне мектеп директоры шағым түсірген. Алайда Жамбыл облыстық соты бірінші сатыдағы соттың шешімі мен жеке ұйғарымын өзгеріссіз қалдырды.

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
