Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі жағалаудан 18 шақырымға таязданған

Каспий теңізінің таяздануыФото: Адай Мырзатайдың парақшасынан

2006 жылдан бері Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі жағалаудан 18 шақырымға тартылған. Сонымен қатар теңіз деңгейі жыл сайын 70 сантиметрге төмендеп келеді. Ақтауда өткен форумға қатысушылар мұны экологиялық апат деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Форумға ғалымдар, атқарушы органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Соңғы зерттеулерге сәйкес, Каспий теңізі 70 мың шаршы метрге азайған.

Мамандардың айтуынша, судың тартылуына теңізге құятын 130 өзеннің басым бөлігінің таяздануы мен Еділ бойында 12 су электр станциясының салынуы себеп болған. Жаһандық апаттың алдын алу үшін мамандар Каспий маңы елдерін бірлесіп әрекет етуге шақырды.

"Каспий Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін. Судың табиғи жолмен көбейетініне үміт артуға болмайды. Сондықтан теңізді сақтап қалудың басқа жолдарын іздеу керек. Бір нұсқа – Торғай ойпаты арқылы Обь өзенін бұру. Екіншісі – Еуразиялық канал салу", – деді Amanat партиясы жанындағы Экологиялық кеңестің төрағасы Орынбасар Тоғжанов. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық видеограф Адай Мырзатай желідегі парақшасында Каспий теңізінің 2013 және 2025 жылдардағы күйін салыстырған бейнеролик жариялағаны туралы жазған едік. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 13 Тамыз, 2025 09:53
Талқылау
`