Әйел миллионерге тұрмысқа шығып, келесі күні 3 миллиард теңге мұраға ие болды
Фото: DepositPhotos
Ирландияда күтуші 75 жастағы фермер-миллионерге тұрмысқа шығып, келесі күні оның мұрасын иеленді.
Daily Mirror-дің хабарлауынша, Ирландияда 75 жастағы фермер-миллионер Джо Гроган өзінен 26 жас кіші күтушісі Лиза Флаэртиге үйленгеннен кейін бір күн өткенде қайтыс болды.
2023 жылдың қаңтарында Гроганға қан қатерлі ісігі диагнозы қойылған. 14 сәуірде ол күтушісімен жасырын некеге тұрады. Лиза Флаэрти фермердің жанында жарты күндік жұмыс істеген және олардың қарым-қатынасы мен үйленгенін марқұмның туыстары білмеген.
Гроганның өлімінен кейін Флаэртиге 89 гектарлық, құны 5,5 миллион еуро (шамамен 3 миллиард теңге жуық) болатын ферма мұраға қалды.
Марқұмның туыстары бұл істі егжей-тегжейлі тергеуді талап етіп, "жауапсыз қалған сұрақтар өте көп" екенін айтты. Алайда Коронер олардың өтінішін қанағаттандырмады. Оның қорытындысында Гроганның қайтыс болуына ең ықтимал себеп ретінде инфекция аталды.

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
