АҚШ-та Қазақстанның қазба байлығына инвестиция жасауды "ұлттық қауіпсіздік мәселесі" деп атады
Фото: видеодан скриншот
АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне кандидат Джули Стафф сенаттағы тыңдау барысында Қазақстанның Вашингтон үшін стратегиялық маңызы туралы айтты. Джули Стафф елімізде АҚШ экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды сирек минералдардың жартысына жуығы бар екенін атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентті 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"АҚШ экономикасы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін аса маңызды сирек минералдардың жартысына жуығы Қазақстанда бар және елші болып сайлансам, басты бағыттарымның бірі ретінде дәл осы сирек минералдарға бағытталған америкалық инвестициялардың болуын қолға алғым келеді. Болып қана қоймай, ықпалы өсіп келе жатқан қытайлық инвесторлардың орнын басу керек", – деп мәлімдеді ол.
Сондай-ақ ол Қазақстанның тәуелсізді мен егемендігін қолдауды басты бағыттарының бірі етіп алатынын айтты.
"Қазақстанмен қарқынды дамып келе жатқан сауда дипломатиясы мен америкалық инвесторлар мен компанияларға тең мүмкіндіктердің жасалуы секілді маңызды бағыттармен қатар, осы лауазымға сайланып жатсам, Қазақстанның тәуелсізді мен егемендігін қолдауды басты бағыттарымның бірі етіп алар едім. Бұл мәселе олардың экономикалық әртараптандыру мүмкіндіктеріне келіп тіреледі. Атап айтар болсақ, өз өнімдерін сыртқа қалай шығаруы маңызды. Қазір Қазақстан өнімінің дені Ресей арқылы сыртқа шығып отыр. Бар амал сол ғана. Біз бұған балама жол табуда көмектесуіміз керек және қорғаныс саласында ынтымақтастықты нығайтуды жөн деп есептеймін", – дейді Джули Стафф.
АҚШ тарабы Қазақстанға осы өңірде қорғаныс пен қауіпсіздік саласында сенімді серіктес ету үшін жағдай жасауға ниетті.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
