“Гриль-демалыс ұнамайды": Премьер-министрдің орынбасары қалай демалғанды жөн көретінін айтты
Фото: pixabay.com
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев сүйікті демалысы қандай екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-премьердің айтуынша, ол жағажайда демалуды ұната бермейді екен.
"Мен өзімше оны “гриль-демалыс” деп атаймын. Жағажайда күн астында күйіп, құмның үстінде жатып демалғанды аса жақсы көрмеймін. Маған серуендеп, жол жүрген ұнайды. Бірақ қызмет бабымен үнемі қозғалыстамын", – деді Көшербаев.
-
1 қыркүйек демалыс күнге келіп отыр: Оқу-ағарту министрі алғашқы қоңырауға қатысты мәлімдеме жасады
-
Қазақстандықтар жағажайларға кіру үшін ақы төлеуі керек пе – Министрлік жауап берді
Шенеунік соңғы рет былтыр демалғанын айтты. Үш күн Еуропада, тағы төрт күн Бұқтырмада болған екен. Ол бұл аймақтың қатты ұнағанын жеткізді.
"Еуропаға үш күнге ғана барып қайттым. Ал төрт күнді Бұқтырмадағы “Приморск” демалыс аймағында өткіздім. Өте керемет жер. Барлығы ретке келтірілген, дұрыс ұйымдастырылған", – деді ол.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
