Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушы әйел рейс кезінде толғағы ерте келіп, сәбиін аспанда босанды

Фото: freepik.com

Стамбулдан Ташкентке бағыт алып бара жатқан Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшағында сәби дүниеге келді. Жолаушы әйелдің толғағы күтпеген жерде асапанда басталған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұшақ бортында екі дәрігер болған. Олар экипаж мүшелерімен бірге жолаушы әйелге қажетті медициналық көмек көрсеткен. Дәрігерлер мен бортсеріктер жедел әрекет етіп, әйелді босандырып, ана мен нәрестеге қажетті көмекті көрсеткен.

"Экипаж командирінің шешімімен ұшақ Өзбекстанның Үргеніш әуежайына шұғыл қонды. Онда ана мен жаңа туған ұл баланы медицина қызметкерлері күтіп алды. Отбасы дереу жергілікті клиникаға жеткізілді", – деп хабарлады Uzbekistan Airways баспасөз қызметі.



Бұл соңғы бір жарым жыл ішіндегі аталған әуе компаниясының ұшақтарында болған кемінде үшінші босану оқиғасы. 2024 жылдың қаңтар айында Uzbekistan Airways ұшағы Ташкенттен Нью-Йоркке ұшып бара жатқанда экипаж тағы бір әйелді босандырып алған. Ал 2024 жылдың сәуірінде Ташкент – Стамбул бағытындағы рейс кезінде тағы бір ұл бала дүниеге келген.

STAN.KZ
Жексенбі, 20 Шілде, 2025 11:38
Талқылау