Иракта бес күн бұрын ашылған жаңа сауда орталығы өртеніп кетті: 61 адам қаза тауып, жоғалып кеткендер бар
Фото: Reuters
Ирактың шығысындағы Кут қаласындағы бес күн бұрын ашылған жаңа сауда орталығы өртенді. Салдарынан 61 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ирактың ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өрт сәрсенбі күні кешке басталған. Сауда орталығы небәрі бес күн бұрын ғана ашылған еді. Тілсіз жау бірнеше қабатты қамтыған. Қазір өрт толық сөндірілді. Дегенмен құтқарушылар із-түзсіз кеткендерді әлі де іздеп жатыр.
Жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желілерде өрт кезінде төбеде көмек күтіп тұрған адамдардың видеолары тарады. Бейсенбі таңғы төртке дейін жедел жәрдем көліктері жараланғандарды ауруханаларға жеткізіп жатты.
Куәгер, дәрігер Насир әл-Кураши өзінің жақындары қаза тапқанын айтты.
-
Үндістандағы ұшақ апатына қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
-
Әлемдегі ең жақсы және ең нашар қалалардың тізімі жарияланды: Қазақстан қалалары рейтингте жоқ
"Бұл – үлкен қайғы. Біз жарық жоқ болған соң, кешкі ас ішу үшін сауда орталығына барған едік. Бірақ екінші қабаттағы кондиционер жарылып, бірден өрт тұтанып кетті. Шыға алмай қалдық”, – деді ол.
Кут қаласы Ирак астанасы Бағдадтан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан. Өрт шыққан сауда орталығы қаланың дәл орталығында болған.

"Халықтың қайғысына құрметсіздік": Алматыда Лениннің есімі берілген дәмхана желі қолданушыларының ашуын туғызды
