Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Клиникалық өлімнен аман қалған ер адам арғы өмірде көргендерін айтты

клиникалық өлімді бастан кешкенФото: This Week in Startups / YouTube

АҚШ-тағы Omaze қайырымдылық қорының негізін қалаушы Мэтт Полсон клиникалық өлім кезінде арғы өмірге қатысты көргендерін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полсонның айтуынша, ол бала күнінен іш кебуімен күрескен. Кейін оған ота жасалып, 2018 жылы ішіндегі тігілген орынның жібі үзіліп, ішек өтімсіздігі пайда болған. Осының салдарынан ер адамның жүрегінде Такоцубо кардиомиопатиясы, яғни жүрек бұлшықетінің жиырылу қабілеті кенеттен төмендеуген. Осылайша ауруханада жүрегі тоқтап қалған. Мэтт Полсон төрт жарым минут бойы клиникалық өлім жағдайында болған. Дәрігерлер оны аман алып қалуға тырысқан. 



"Мен туннельдің соңындағы жарықты көргенім жоқ. Бірақ өзімді теңіз бетіне қарап тұрғандай сезіндім. Ол өте алыс еді. Жарық судан өтіп жатқандай болды. Жарыққа дейін тұтас бір ғалам жатқандай", – деді ол.

Сондай-ақ ол өзін ғарыш энергиясы өрісінің бір бөлігі ретінде сезінгенін айтты. Өзінің кім екенін сезініп, бүкіл ғаламмен байланыста болғанын жеткізді.

"Сол кезде анамның: "Мэттью Дэвид Полсон, сен күресуің керек!" деген дауысын естідім", – дейді ол.

Сол сәтте, шын мәнінде анасы шұғыл түрде реанимациялық палатаға кіріп, ұлының жанында болған екен. Дәрігерлер оның аман қалуына еш үміт қалмағанын айтқан. Дегенмен Полсон толықтай сауығып кеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Әйел клиникалық өлімді бастан кешіріп, туннель мен сандар жазылған бөлме туралы айтқанын жазған едік. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025 18:03
Талқылау