Ташкентте соңғы 150 жылдағы ең жоғары температура рекорды тіркелді

4 шілде күні Ташкенттегі "Ташкент-Обсерватория" метеостанциясында ауа температурасы 43,5 градусқа дейін көтерілді. Uzb_Meteo деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш – 1868 жылдан бері астанада жүргізіліп келе жатқан бақылаулар тарихындағы ең жоғары температура. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өзбекстан бойынша барлық уақыттағы абсолютті температура рекорды 1997 жылдың 18 шілдесінде тіркелген. Ол кезде термометр бағаны 44,6 градусқа жеткен. Ташкенттегі жаңа рекорд ел бойынша абсолютті максимумнан небәрі бір градус қана төмен.
Мұнда аномальды ыстыққа байланысты медициналық көмекке жүгінгендер саны күрт өскен. Дәрігерлердің мәліметінше, жедел жәрдем мен емханаларға 250 мыңға жуық адам жүгінген. Олардың көбі қарттар мен созылмалы ауруы бар науқастар.
Еске салсақ, осы уақытта Бішкекте де аномальды ыстық тіркеліп, қоғамдық көліктегі температура 61 градусқа дейін жеткен еді. Мұнда тіпті көшелерде адамдар талып қалып жатты.
"Жарыңа деген сенімсіздік немесе бала-шағаңмен далада қалу": Неке шартына қатысты қазақстандықтардың пікірі екіге жарылды
Неке шартында балалар кіммен қалатыны жазылмайды, оны тек сот шешеді