Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жас қызды артық салмағы үшін кемсітіп, жылатқан": Қазақстандықтар танымал бағдарламаны жабуды талап етті

Бір болайық Фото: Видеодан скриншот

Желіде отандық танымал бағдарламаға қатысты шу шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Бір болайық” бағдарламасына келген Малика есімді үміткер артық салмағы үшін қатысушылар тарапынан буллингке ұшырады. 

“Еркекке ұнау үшін немесе тұрмысқа шығу үшін артық салмақпен күресу керек”, “Сіз айнаға қарайсыз ба?!”, “Үміткердің талап-тілегін дұрыс оқымағансыз-ау”, “Артық майыңның бар екені анық”, “Арықтасаң көзің ашылады”, – деп кемсітті қатысушылар. 

Threads желісінде заңгер Гаухар Әукен бағдарлама басшылығын қылмыстық жауапкершілікке тарту керегін жазды. Ол қазақстандықтарды танымал бағдарламаны жабуға шақырды. 

“Бұл бағдарламаны жауып, басшылықты қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша БАҚ арқылы қорлау болып саналады. Осыдан кейін мына қыз өзін терезеден лақтырып жіберсе не болады?! Маған қолдау көрсетіңіздер! Мұндай бағдарламадан бас тартайық!”, – деп жазды заңгер. 



Желі қолданушылары қызға қолдау білдіріп, бағдарламаны қатаң сынға алды. 

“Бағдарламаның әр саны осындай кемсіту болады”, “Зорлық-зомбылықты насихаттайды”, “Арнамызда осындай ашықтан-ашық буллинг жасалып жатыр”, “Әдемі қызға неге тиісіп отыр”, “Әйелдің жауы – әйел” деген рас екен”, “Бір жігіттің қызды қорғамағаны өкінішті”, “Қызға обал болды”, “Мына шоуды жабу керек”, “Медиа жауапты мамандар назарға алса екен”, “Бағдарлама редакциясы не қарап отыр”, – деп жазды көпшілік. 

@qazreality Малика🥹❤️ @Mmalikushka --------- #qazreality#qoslike#1bolayiq#кослайк#бірболайық#қалаулым#калаулым#реалитишоу#қослайк#sezimbagy#сезімбағы ♬ оригинальный звук - qazreality-Kazakh Tv Shows
STAN.KZ
Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025 17:05
Талқылау