Астанада ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға мектеп басшысы Zeekr маркалы көлік сыйлады

Астанада Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары 140 балл жинаған Жанайым Рашидке жеке мектеп басшысы Zeekr маркалы электромобиль сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жанайым бұл емтиханға бір жылдан астам уақыт бойы жеке мектепте дайындалған. Жеке мектептің жетекшісі әрі ұстазы Рысбек Мәуіт үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін қызға заманауи Zeekr маркалы электромобиль табыстады.
Мектеп өкілдерінің айтуынша, сыйлық беру туралы шешім оқушының қажырлы еңбегі мен басқа оқушыларға үлгі боларлықтай жігері үшін қабылданған.
“Жанайымның жетістігі – білімге деген құштарлық пен табандылықтың жарқын үлгісі. Ол мақсатына шын ниетімен ұмтылды. Ал бұл нәтиже оның сол еңбегінің өтеуі. Бұл көлік – оның маңдай терінің жемісі. Оның жетістігі еліміздегі көптеген оқушыларға шабыт береді деп ойлаймын”, – деді Рысбек Мәуіт.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті