Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда өлімге әкелетін жаңа қауіпті вирустар тіркелді

Ғалым микроскоппен бақылап отырФото: freepik.com

Ғалымдар Қытайдың Юньнань провинциясында жарқанаттардан екі жаңа генипавирус  – өлімге әкеп соқтыратын аурулар тудыратын Хендра және Нипах вирустарының жақын туыстарын анықтады. PLOS Patogens журналында жарияланған зерттеу Қытайдағы жарқанат тінінде мұндай вирустардың толық геномдары бар екенін растайтын бірінші зерттеу болып саналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зерттеуде он түрге жататын 142 жарқанаттың бүйрегіндегі инфекциялық жүктеме талданған. Жаңа вирустардың бірі құрылымы жағынан белгілі генипавирустарға –  өлім көрсеткіші 75 пайызға дейін жететін ауру тудырушыларға жақын болып шыққан. Екі вирус та бақшалар мен ауылдардың жанында тұратын тышқандардан табылған. Бұл зәрмен ластанған тамақ арқылы жұғуы мүмкін деген ойға жетелеп, зерттеушілер арасында алаңдаушылық туғызып отыр.

Үлгілерде вирустардан басқа бұрын белгісіз бактериялар мен паразиттер, соның ішінде Klossiella yunnanensis табылды. Зерттеушілер жарқанаттардың ішкі азғаларының микробиомасын жан-жақты зерттеу маңызды екенін алға тартады, өйткені бұл аймақтар жаңа зооноздардың – адамға жануарлардан берілетін инфекциялардың көзі болуы мүмкін.

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Маусым, 2025 10:00
Талқылау