Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bank RBK — теңгедегі салымдардың ең жоғары өсімін көрсеткен үздік екінші деңгейлі банк

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан банктеріндегі жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 18,6 триллион теңгеге жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,8%-ға артқан. Ranking.kz Ұлттық банк деректеріне сілтеме жасай отырып ақпаратпен бөлісті.

Дегенмен депозиттердің өсімі жеке банктер арасында әртүрлі. Сектор бойынша орташа көрсеткіштен жоғары өсімді тек 19 екінші деңгейлі банктің 8-і ғана көрсетті. Яғни өсім тең дәрежеде емес. Тек кейбір банктердің есебінен қамтамасыз етіліп отыр. 

Елдегі ірі банктер арасында ұлттық валютадағы халық депозиттерінің өсімі бойынша Bank RBK көш бастады. Бір жылда өсім бірден 62,1%-ға көтеріліп, 362,7 миллиард теңгеге жетті. Бұл орташа нарықтық көрсеткіштен 2,5 есеге жоғары. Жалпы алғанда, мұндай өсімнің болатыны анық еді. Себебі Bank RBK клиенттері банктың сенімділігі мен цифрлық қызмет көрсету ыңғайлылығын жоғары бағалайды. Бүгінде My RBK мобильді қосымшасы арқылы депозит ашып, қаржыны басқаруда бірнеше рет батырманы басу жеткілікті. Бұл ыңғайлы, жылдам әрі қауіпсіз.

Одан бөлек, банк осы сегменттегі ең танымал салым өнімдерінің бірі – Safe жинақ депозитін ұсынады. Бұл салымның басты артықшылығы – 10%-дан 17,5%-ға дейін (ЖТСМ — 10%-дан 18,3%-ға дейін) көтерілген сыйақы мөлшерлемесі. Сондай-ақ қолдану мерзімі ішінде қызмет көрсетуде комиссия алынбайтын премиум дебеттік төлем картасын тегін рәсімдеу мүмкіндігі бар (тарифтерге сәйкес).

*Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жүйесіне кіретін банктер.

Елдегі басқа ірі банктерде теңгедегі салымдардың жылдық өсімі 2,5%–32,3% аралығында өзгеріп отырады. Айта кету керек, халықтың ұлттық валютадағы депозиттерінің өсімі бірнеше жылдан бері жоғары қарқынды көрсетіп келеді. Мысалы, соңғы 5 жылда саладағы депозиттердің көлемі 3,4 есеге, ал соңғы 10 жылда — 14 еседен аса өскен.

Сонымен қатар, халық салымдарының дедолларизация (долларға тәуелділіктен арылу) деңгейі де тұрақты өсіп келеді. Бұл елдің даму стратегиясының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Осылайша, халықтың теңгедегі салымдарының жалпы депозиттер көлеміндегі үлесі жаңа рекордқа жетіп, 75,4% құрады. Салыстыра кетсек, 2015 жылы бұл көрсеткіш небәрі 30,8% болса, 2016 жылы –  28,1% болған. Бұл көрсеткіш сол кезеңде болған сыртқы экономикалық күйзелістер мен айырбас бағамының тұрақсыздығы салдарынан халықтың шетел валютасына, әсіресе долларға, жоғары тәуелділігін көрсетеді. Толық ақпарат төмендегі инфографикада берілген.

Халықтың теңгедегі салымдарының өсуі мен үлесінің артуының негізгі себептері:

– Теңгемен салынатын депозиттердің жоғары кірісі. Еліміздің Ұлттық Банкі соңғы жылдары базалық мөлшерлемені жоғары деңгейде ұстап отыр. Бұл ұлттық валютадағы депозиттерді халық үшін ерекше тартымды етіп, ақшаны тұтынуға емес, жинақтауға ынталандырады.

– Валюталық салымдар бойынша шектеулі мөлшерлемелер. Заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар үшін шетел валютасындағы депозиттер бойынша сыйақының ең жоғары мөлшерлемесі 1%-дан аспауы тиіс. Бұл халықтың валюталы жинақтарға деген қызығушылығын айтарлықтай төмендетеді.

– Цифрлық сервистердің дамуы. Онлайн-банкингтің кеңеюі депозит ашу мен оларды басқару үдерісін жеңілдетіп, қаржылық өнімдерді пайдалануда ыңғайлылық пен қолжетімділікті арттырды. Бұл өз кезегінде халықтың қаржы секторына белсенді қатысуына және қаржылық сауаттылықтың өсуіне ықпал етті.

– Банктердің қосымша артықшылықтары. Клиенттерді тарту үшін банктер әртүрлі қосымша тиімді ұсыныстар ұсынады. Мысалы, тегін премиум дебеттік карталарды шығару және қызмет көрсету, кешбэк бағдарламалары, ұтыстарға қатысу, мобильді қосымша арқылы салым орналастырғанда көтерілетін мөлшерлемелер және т.б. Мұндай ұсыныстар депозиттерді екі есе тиімді әрі ыңғайлы етеді.

*2021 жылғы 5 сәуірде ҚНРДА берген № 1.2.100/245/41 лицензиясы

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 11:32
Талқылау