Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әуежайда еденде ұйықтап, тамақ аз мөлшерде берілді": Катарда қалып қойған қазақстандықтар қиын жағдайға тап болды

балалар

Фото: Әлеуметтік желіден

Таяу Шығыстағы қақтығысқа байланысты Катарда демалып жүрген қазақстандықтар отанға орала алмай жатыр. Stan.kz тілшісі шетелде қалып қойған отандастармен хабарласып, қазіргі жағдай туралы білді. Қазақстандықтардың айтуынша, әуе кеңістігі ашылғанымен, Қазақстанға рейс туралы ақпарат жоқ. Сондай-ақ олар Қазақстанның Дохадағы елшілігінің әрекетіне де толық көңілдері толмайтынын жеткізді. 

Өскемен тұрғыны Роман Честных әуежайдағы адамдарға жағдай жасалмағандықтан бәрі, оның ішінде балалар да бар еденге жатып, ұйықтауға тура келгенін айтты.

“Негізгі екі мәселе болыптыұр. Біріншісі – Катардағы басты әуе тасымалдаушысы "Qatar Airways" әуекомпаниясының әрекетсіздігі. Олар жағдайды түсіндіріп отыруды орнынан, оны әр сағат сайын кейінге шегеріп отырды, тіпті аспан ашылғаннан кейін де ешқандай нақты ақпарат берілмеді. Түннің бір уақытына дейін жағдай түсініксіз болып қалды. Кейін бәрі әуежайда еденде ұйықтап қалды. Арасында балалар да бар. Ешқандай қонақүй берілмеді, тамақ та өте аз мөлшерде берілді, көбіне тіпті жетпей қалды. Төтенше жағдай екені түсінікті, бірақ компания тарапынан ешқандай кері байланыс болмады. Жауап та, түсініктеме де берілген жоқ. Катар уақытымен таңғы 10 шамасында ғана ақпарат беріп, рейсті ұйымдастыруға тырысатырнын жеткізді. Бірақ нақты ештеңе айтылған жоқ. Балалары бар жолаушыларды бүгін жібереміз деген уәде берген, бірақ ол уәде күйінде қалды”, – дейді қазақстандық.

Оның айтуынша, екінші мәселе – елшілік тарапынан жасалып жатқан жұмыс. Елшілік өкілдері де, кеңесшілер де барған. Бірақ олар мандытып көмектеспеді деп отыр. Тек балаларға көрпеше әкеліп берген. 

Катардағы қонақ үйде орналасқан қазақстандық Ермектің сөзінше, баспана берілгенімен, тамақ мәселесі қиындық тудырып тұр дейді.

“Балалармен түсте, кешке қайда барарымызды білмейміз. Отбасымен кем дегенде 5 адам. Транзиттік аймақтағы адамдардың 7 айлық балалары бар. Ол жақ суық”, – дейді ол көмекке мұқтаж адамдардың барын айтып. 

Санжар есімді отандасымыздың айтуынша, қазір Катарда жағдай тұрақты. Ол елшілікпен үнемі байланыста екенін айтты. 

“WhatsApp-та чат ашылды, сол жерден ақпарат алып жатырмыз. Тұрып жатқан қонақ үй қалу уақытымызды ұзартты, барлығы жақсы. Тек рейстер бойынша ақпарат жоқ. Бүгін Доха уақытымен сағат 15:00-де ұшып кету керек едік. Scat әуе компаниясының рейсі кешегі жағдайдан соң кейінге шегерілді деді. Бүгін таңертең Алматыдан келетін рейсты түнгі уақытқа ауыстырыпты, ал біздің Астана қаласынан келетін рейс бойынша ақпарат жоқ. Бізді алып кетуге барлық жұмыс жасалып жатыр. Кеше кешкі 19:00-20:00 арасында болды жарылыстар болды. Жағдайдың тұрақталғанына көп уақыт болмады. Қонақ үй қауіпсіз жерге түсіріп, сол жерде күттік”, – дейді Санжар. 

Оның сөзінше, түнгі уақытқа қарай ұшақтар қайта ұшып жатыр деген ақпарат шыққан. Сондай-ақ кеше Дубай әуежайы арқылы Қазақстанға қарай рейстар ұшқан. Отандасымыз билет алып үлгермей қалған. 

Катарда қалып қойған қазақстандықтардың бірі Маринаның айтуынша, қақтығыстың ошағы – әуежай. Ал Катардың өзінде жағдай тұрақты.

“Біз алғашында 29 маусымда ұшуымыз керек еді, сондықтан әзірге бәрі жоспар бойынша болып жатыр. Бірақ әуежайдағы жағдай қиын. Онда 23 маусымнан бері ұша алмай жатқан отандастарымыз бар. Бізді арнайы чатқа қосты. Сол жерде елшіліктің өкілі де бар. Бәрі байланыста”, – дейді Марина.

Отандасымыз әуежайдағы қазақстандықтарға Катардағы қандастарымыздың барынша көмектесіп жатқанын ерекше атап өтті.

“Әуежайда қалып қойған қазақстандықтарға Катардағы қандастарымыздың жанашырлықпен көмектесіп жатқанын көру өте әсерлі. Олар бірден көмек ұсынып, әуежайға жөргектер мен балаларға арналған тамақ жіберіп жатыр. Бұл туралы WhatsApp-тағы сол чаттан білдім. Сонымен қатар 30 маусымға дейін ұшуы тиіс барлық азаматтарды "Қамқор" қосымшасына тіркелуге шақырды. Бірақ қосымша дұрыс жұмыс істемей тұр. Басқаларды білмеймін, бірақ мен тіркеле алмадым. Біздің туристік агентіміз біз үшін тіркелмек болды, бірақ оллардың да қолынан келмеді”, – дейді қазақстандық.

Олардың айтуынша, елшілік пен консул тарапынан ешқандай көмек болып жатқан жоқ.катар

Фото: WhatsApp чат

Айта кетейік, елімізден шетелге шықпақ болған адам саны 683 болса, шетелден елге оралатын адам саны – 1051 адам. 

"Осыған байланысты қазақстандық әуе компаниялары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты. Жалпы алғанда бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер етті", – деп мәлімдеді көлік министрлігі.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушылар ыстық тамақпен, қонақүй және трансфермен қамтамасыз етілді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 24 Маусым, 2025 18:20
Талқылау