"16 жасымнан жұмыс істедім": Еңбек министрі өзі зейнетке шықса қанша көлемде төлем алатыны туралы сұраққа жауап берді

Фото: primeminister.kz
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова егер өзі қазір зейнетке шықса, қанша зейнетақы төлемін алатыны туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақыпова өзінің жастайынан еңбектенгенін алға тартты.
"Үш түрлі төлем ала аламын. Себебі менің 1998 жылға дейінгі еңбек өтілім бар. 10-сыныптан кейін, 16 жасымнан бастап жұмыс істедім. Сәйкесінше, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтарым мен базалық зейнетақым бар", – деп жауап берді Жақыпова.
Алайда министр нақты соманы атаған жоқ.
"Сомасын есептеген жоқпын, бірақ барлығымен бірдей. Егер мен бүгін зейнетке шықсам, менің базалық зейнетақым шамамен 32 мың теңге болар еді. Бірақ орташа есеппен бұл – 47 мың теңге болады", – деді Еңбек министрі.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды