Израиль жақын арада Иранға қарсы әскери операция бастайды – БАҚ
Фото: presstv.ir
АҚШ-тың бірқатар ақпарат құралдары Израильдің Иранға қарсы әскери операцияны жақын күндері бастайтыны туралы ақпарат таратып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
NBC News телеарнасы АҚШ-тың қолдауынсыз-ақ Израильдің алдағы күндері Иранға әскери соққы жасауды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Бұл жағдай АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарламаны шектеуге бағытталған келіссөздерге қарамастан орын алады. Дональд Трамп әкімшілігі Иранмен дипломатиялық келісімге жасауға жақын қалған еді. Алайда Израиль бұл келісімді құптамайды.
Бұған дейін Трамп Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға Иранмен келіссөздер жүріп жатқанда әскери соққы жасамауға кеңес берген еді.
CBS News агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Иранның Ирактағы америкалық нысандарға жауап ретінде шабуыл жасауынан қауіптеніп отыр. Осыған байланысты кейбір азаматтарын бұл аймақтан кетуге шақырған.
Сәрсенбі күні Иранның қорғаныс министрі егер ядролық келіссөздер сәтсіз аяқталып, қақтығыс туындаса, Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың аймақтағы барлық әскери базаларына соққы жасайтынын мәлімдеді.
The New York Times газетінің дерегінше, Иран билігі Израильге қарсы шұғыл жауап беруге дайын жүздеген баллистикалық зымыранмен соққы жасау жоспарын әзірлеген.
Трамптың Таяу Шығыстағы арнайы өкілі Стив Уиткофф алдағы күндері Иранмен ядролық бағдарлама бойынша жаңа келіссөздер жүргізуді жоспарланғанын алға тартты.
The Times of Israel басылымы мәліметінше, бұл келіссөздер Иранның ядролық бағдарламасын шектеуге және АҚШ-тың кейбір санкцияларын алып тастауға бағытталған. Иран өз ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін мәлімдегенімен, уранды тым көп деңгейде көбейткені белгілі.
Иранда он ядролық оқтұмсық жасауға жететін материал жиналып қалған. Жұмыс істейтін ядролық құрылғыны жасау үшін бірнеше ай қажет болуы мүмкін.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
