Қазақстандық өз ұлын бес баласымен қосып үйінен қуып шыққан
Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалған
Атырауда Жеңіс Бисенов есімді азамат әкесімен үйге таласып соттасты. Айтуынша, жасөспірім кезінде өз қолымен тұрғызған үй анасы мен әкесі ажырасқан кезде екіге бөлінген. Қазір әкесі Жеңісті бес баласымен, ерекше қажеттігі бар әйелі мен анасымен сол үйден қуып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақжайық” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
17 сәуірден бастап қалалық сотта Жеңіс Бисеновтің әкесінің талабы қаралып жатыр екен.
Жеңістің айтуынша, бұл үйді ол жасөспірім кезінде өз қолымен тұрғызған. Алайда 2011 жылы, әлі 18 жасқа толмаған кезінде, үй анасының атына рәсімделген. Ата-анасы ресми түрде ажыраспаған, бірақ бөлек тұрған. Кейінірек бұл үй ерлі-зайыптының ортақ меншігі деп танылып, әкесі үлесін алған. Енді әкесі дәл осы құқықты пайдаланып, Жеңісті отбасымен бұл үйден шығуын талап етіп отыр.
“Ақша жоқ. Егер үйден кету туралы шешім шықса, сот ғимаратында қонамыз. Басқа барар жеріміз жоқ”, – деді Жеңіс.
Азаматтың айтуынша, әкесінен бала кезінен қатігездік көрген. Төрт жасында оның соққысынан жарақат алып, 12 жасынан бері эпилепсиямен ауырады. Айтуынша, бұл деректер 2024 жылы 30 желтоқсанда сот арқылы расталған.
Жеңістің әкесі Самидолла Бисенов полиция капитаны қызметімен зейнетке шыққан.
Жеңіс қазір сот процесіне сенімсіздік білдіріп отыр. Айтуынша, сот отырыстары кейде кейінге қалдырылып, кейде бірден онлайн форматта өтіп кетіп жатыр. Әрі нақты ескерту жасалмаған. Соңғы сотта оған 12:00-де өтетіні хабарланған. Бірақ ол жолда болған кезінде 11:27-де еш ескертпестен онлайн байланыс басталып кеткен.
“Судья не болып жатқанын түсіндірмейді. Оның әрекеттеріне байланысты шағымымды екі рет сот төрағасына жібердім. Бірақ еш жауап болмады. Керісінше, енді мені шағымданғаным үшін жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып жатыр. Егер сотқа сенбесек, кімге сенеміз? – деп қосты ол.
Самидолла Бисенов соттың өз пайдасына шешім шығармағанын хабарлады. Айтуынша, ұлын отбасымен бірге үйден шығару туралы талабына сот бас тартқан. Алайда Самидолла Бисенов бұл шешіммен келіспейді және судья әрекетіне шағым түсірмек. Ол ұлының айтқандарын толығымен жоққа шығарды. Айтуынша, үйді өзі жеке қаражатымен, жалдамалы жұмысшыларды тартып салған. Ал Жеңістің құрылысқа еш қатысы болмаған.
“Балалар кішкентай кезінде айтқанды тыңдай бермейді. Қай ата-ана баласын тәрбиелемей қояды?” – деді ол, зорлық-зомбылық туралы айтылған айыптауға жауап беріп.
Самидолла Бисеновтің айтуынша, қазір өзі де көмекке мұқтаж. Айтуынша, көру қабілетіне қарай I топтағы мүгедек, денсаулығына байланысты ауыр жағдайда және үнемі күтімді қажет етеді.
Сот процесін судья Найля Тургамбаева жүргізіп жатыр. Шешім әлі шықпаған.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
