Lufthansa әуе компаниясы Қазақстанға ұшуын тоқтатады
Фото: lufthansagroup.com
Lufthansa әуе компаниясы 2025-2026 жылғы қысқы кесте кезеңінде Қазақстанға рейстерін уақытша тоқтататынын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әңгіме Франкфурт – Алматы және Франкфурт – Астана бағыттарындағы рейстер туралы болып отыр. Аталған рейстер 2025 жылғы 26 қазаннан бастап 2026 жылғы 29 наурызға дейін орындалмайды.
Қазіргі таңда Lufthansa Қазақстан мен Германия арасында аптасына бес рейс орындайды. Қысқы кезеңде осы бағыттар тоқтатылмақ, алайда 2026 жылғы көктемнен бастап рейстердің қайта жандану жоспарланып отыр. 2025 жылғы жазғы кестеде ешқандай өзгерістер қарастырылмаған.
- "Керек десе президентке шағымдан": FlyArystan әуе компаниясы тағы бір жанжалға тап болды
- Флоридадағы Орландо әуежайында рейс алдында ұшақ өртенді
Билет алған жолаушылар тікелей хабарлама алады. Олар шалу рейс уақытын ауыстыра алады.
Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсанында да Lufthansa экономикалық себептерге байланысты 2025 жылғы 12 қаңтардан 13 ақпанға дейін Қазақстанға ұшуларын уақытша тоқтататыны белгілі болған еді. Бұл өзгерістер Франкфурттан Алматы мен Астанаға бағытталған рейстерге қатысты болды.
Lufthansa ұсынған ақпаратқа сәйкес, мұндай шешім маршруттық желіні кешенді бағалау нәтижесінде қабылданған. Онда экономикалық тиімділік, маусымдық сұраныс және әуе кемелерінің қазіргі қолжетімділігі басты назарда болған.
"Lufthansa әуе компаниясы өз маршруттық желісін үнемі бағалап, оңтайландырып отырады. Бұл ретте экономикалық тиімділікке, маусымдық ерекшеліктерге және қолжетімді әуе кемелерінің санына ерекше назар аударылады", – деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін SCAT әуе компаниясына 4 миллион теңгеге жуық айыппұл салынғанын жазғанбыз.

Қай айларда шетелге саяхаттау арзан
