"Көзіме шөп салып, қарызға батырды": Бизнес-тренер Нұрлан Жанайдың әйелі күйеуінің былығын әшкереледі
Коллаж: Stan.kz
Танымал коуч, квант техникасын үйретуші тәлімгер Нұрлан Жанайдың басы тағы да дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коуч-психологтың әйелі, стилист Нұрлы Оқас тосын мәлімдеме жасап, күйеуінен қорлық көріп жүргенін жайып салды.
“Мен – екі баланың анасы, көпшілік алдында өзін "энерго-коуч", бизнес тренер, "адамдарға өмір үйретуші" деп таныстырып жүрген Нұрлан Жанайдың әйелі болдым. Бұл жазбаны жазбасқа амалым қалмады. Себебі үндемеу – жәрдем беру. Ол маған жай сатқындық емес, зорлық, эмоционалды абьюз, қаржылық қиянат, және ең бастысы – екі баласына жауапсыздық танытты. Қазір ол мені барлық жерде блоктап, үнсіз қалды. Халыққа "мотивация" айтып жүрген адам, өз әйеліне, өз балаларына жауап беруден қашып жүр. 4 күн бұрын оның телефонын кездейсоқ қарап , ассистенті – жас қызбен интимдік хаттарын оқып қалдым. Сол қыз сол күні менің үйімде болды– шай ішті, балаларыма "әпке" болып еркеледі, күліп-ойнап отырды. Бірақ үйден шыққан соң, екеуі қонақ үйге барып, ішіп, төсектес болған”, – деп бастады әңгімесін блогер-келіншек.
Сондай-ақ жан-жақтан түрлі хаттар келіп, күйеуінің басқа қыздармен де төсектес болғанын біледі.
“Ең сорақысы, осы жайтты TikTok пен Instagram арқылы білетін басқа да әйелдер маған өз оқиғаларын жазды. Яғни, ол тек бір емес, бірнеше қызбен, жылдар бойы көзіме шөп салып, өзін ел алдында "рухани ұстаз" етіп көрсетіп жүрген. Хаттарды оқи келе, бұл – жай бір реттік оқиға емес екенін түсіндім. Бұрыннан бері жалғасып келген, жүйелі түрде кездестіме қазір бәрін бір Алла біледі. Анығы мен иллюзияда өмір сүріппін. Айналамның бәрі білген. Достары да білгенін айтып жатыр. Қыздарға жазған хабарламалары, скриндері бар. Балаларым үшін ғана салмай отырмын. Өте жиіркенішті. Ол жүйелі түрде 6 жыл бойы көзіме шөп салған. Мені ұрып-соққан. Қаржылық тұрғыда мені қарызға белшеден батырған. Өз көмекшісі-ассистентімен төсектес болған. Соңғы үш күнде TikTok-та, Instagram-да ондаған қыз "Бұл сіздің күйеуіңіз емес пе?" деп жазды. Сөйтсем, бәрі рас екен. Қыздарға қонақ үй, ұшақ, қала-қалада жолақысын төлеп, бәрімен жатып жүрген. Ал мен қайда болдым осы кезде?! Үйде. Бала тәрбиелеп. Оған сеніп, оның беделі үшін өзімді құрбан еттім”, – деп жазды Нұрлы Оқас.
Одан кейін жұбайы қарызға батырып, атына түрлі несие рәсімдеген. Тіпті, ломбардқа да қарыз қылған.
“Тек жүрегімді емес, өмірімді де құртты. Ол тек сатқын емес. Ол – мені қарызға батырып кеткен адам. Шоттары бұғатталған соң, көлікті менің атыма рәсімдеп, кейін ломбардқа қойып жіберді. Енді көлік те жоқ, ақша да жоқ. Арыз жазсам ба, жоқ па деп жүргенде, қарыз берген адамдар маған хабарласып, қорқыта бастады. Мен екі баламен, жылап отырған әйел емеспін – қазір мен күресіп жатқан анамын”, – деді бизнес-тренердің әйелі.
Stan.kz тілшісі Нұрлан Жанаймен байланысқа шығуға қанша тырысса да мүмкін болмады.
Іле-шала әйелі “Үйді, көлікті өртеп “бәріне сен кінәлісің” деп жазып кетем” дейді. Жазбаны өшір деп жатыр”, – деп мәлімдеме жасады.
Еске салайық, Коуч Нұрлан Жанайға алданған зейнеткер 12 миллион теңгесін қайтара алмай жүргенін жазған едік.
Талқылау