Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларды қорғау емес, ата-ананы қорлау күні болды": Депутат Қазақстандағы ойын-сауық саябағындағы жоғары бағаға наразылығын айтты

Фото: сюжет кадрларынан скрин

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев Астанадағы отбасылық демалыс саябақтарының біріндегі ойын-сауық құнына наразылығын білдірді. Айтуынша, балалардың үрлеуге арналған көпіршік ерітіндісінің бағасы мереке кезінде шамадан тыс көтерілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Депутат бағаның қандай қымбат екенін серуендеп жүрген кезінде көрген.

“Кеше біз балаларды қорғау күнін атап өттік. Бірақ іс жүзінде бұл балаларды қорғау күні емес, ата-ананы қорлау күні болды! Мысалы, сабын көпіршіктері 3000 теңге тұрады. Көтерме саудада олардың құны 1000 теңге ғой. Үстіне екі есе етіп қосып отыр. Бұл ретте сатып отырған саудагерлерде кассалық аппараттар да, банк терминалдары да болған жоқ!”, – деді ол.



Парламенттің төменгі палатасында бюджет ақшасын өңірлер арасында бөлу тәртібі талқыланды. Ұлттық экономика министрі депутаттар алдында жауап берді. Бірақ мәжілісмен Анас Баққожаев Серік Жұманғариннің қатысуын пайдаланып, одан көше саудасы саласында тәртіп орнатуды талап етті. Депутат тек жоғары бағаларға ғана емес, сонымен қатар сатушылар салық төлеуден жалтарғанына да наразы болды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 03 Маусым, 2025 14:00
Талқылау