"Бейәдеп сөздер айтып, күліп, әндеткен": Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталғандардың қылмыстан кейінгі видеотіркегішке жазылған әрекеті көрсетілді
Фото: Жоғары сот
Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысында оқиғадан кейін түсірілген видеотіркегіштен (видеорегистратордан) жаңа айғақтар ұсынылды. Жазбада күдіктілер Абзал Шынасыл мен Нұрқияс Ілиясовтың, сондай-ақ куәгерлер Дана Жақсыгельді мен Эльмира Нұрбекованың бейәдеп сөздер айтып, күліп, ән айтқан дауыстары жазылып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеода бұған дейін өзін шок жағдайында болғанын мәлімдеген Эльмира Нұрбекованың төбелес туралы сабырлы түрде айтып отырғаны естіледі.
Ол:
"Бір ер адам қосауыз мылтық алып шықты. Бірақ біздікі емес. Қазір ол шет жақта жатыр. Бізге қару кезеді, кейін адамдар қаша бастады. Екеуі жерде жатыр", — деді.
Айыпталушылар мылтықтың Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевқа тиесілі екенін алға тартып жатыр.
-
"Сот цирк емес": Шерзат Полат ісі бойынша адвокат белгісіз себептермен істен шеттетілгенін мәлімдеді
Бұған дейін негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл оқиға орнында түсірілген видео жазба өңделіп жіберілуі мүмкін екенін айтқан еді.
Еске салайық,2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ.

"300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін барады”: Қазақстандықтар өлімнен кәсіп істеп отырғандардың әрекетіне наразы
