Билеттер 20 мың теңгеден: Астана мен Алматыдан Алакөлге субсидияланатын әуе рейстері ашылады
Фото: depositphotos.com
Астана мен Алматыдан Алакөлге жақын орналасқан Үшарал қаласына субсидияланатын әуе рейстері ашылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың 1 маусымнан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Үшарал қаласына субсидияланатын рейстерді орындай бастайды.
Астана мен Үшарал, сондай-ақ Алматы мен Үшарал арасында аптасына 7 рейс орындалады. Бір бағыттағы билет құны – 20 мың теңге.
Бюджеттік әуе компаниялары тек тұрып тұратын орындармен ұшатын рейстерді іске қоспақ
Депутат әуе сапарларында жолаушылардың багажын біріктіруге рұқсат беруді ұсынды
Сонымен қатар 2025 жылдың 1 маусымынан бастап SCAT әуе компаниясы Астана-Үржар, Алматы-Үржар арасында аптасына 7 рейс орындайды. Бұл әуе рейстері де субсидияланады. Билеттер қолжетімді бағамен онлайн сатылымда болады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда балаларға арналған әуе билеттерін субсидиялау ережелері жаңартылатыны туралы жазған едік.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
