Tele2/Altel халықаралық аренада 5G технологиясын іске асырудың сәтті кейсімен бөлісті
Ташкентте өңір тарихында алғаш рет жаһандық “GSMA M360 Eurasia 2025” саммиті өтті. Телекомуникация саласындағы бұл маңызды шара цифрлық трансформация көшбасшыларының, халықаралық операторлардың, технологиялық компаниялар, мемлекеттік органдар мен инвестициялық қауымдастық өкілдерінің басын қосты.
Форумның басты баяндамаларының бірі "Цифрлық трансформация іс жүзінде" тақырыбында болды. Онда Tele2/Altel компаниясының бас директоры Александр Бабичев халықаралық аудиторияға Қазақстанда 5G технологиясын FWA (Fixed Wireless Access) негізінде енгізудің табысты тәжірибесін таныстырды.
FWA 5G монетизациясының негізі: Тәжірибеде жұмыс істейтін стратегия
Сессия модераторы, GSMA-ның Еуропа бойынша жетекшісі Ласло Тот Александр Бабичевпен ашық диалог жасады. Ол Tele2/Altel компаниясын 5G технологиясын енгізуде тек техникалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар қаржылық тиімділік жағынан да табысты еткен операторлардың бірі екенін атап өтті. Өз кезегінде Александр Бабичев FWA технологиясының 5G-ге салынған инвестицияларды тиімді қайтаруға және елдегі инфрақұрылымдық олқылықтарды жоюға қалай мүмкіндік беретінін айтып, “әдісін” ұсынды.
Бұл әдістің мәні – кең көлемде қолжетімді, жылдам енгізілетін және клиенттердің қажеттіліктеріне бағытталған өнім жасау. Өнім тұрақты интернетті қажет ететін пайдаланушыларға арналған.
Бүгінде Қазақстанда 50%-дан астам үй шаруашылығындағы тұтынушыларда кең жолақты интернет қолжетімсіз. Tele2/Altel 5G бар FWA роутерлері арқылы бұл мәселені шешті. Бұл құрылғыны қарапайым түрде орнату, жоғары өнімділік пен қолжетімді бағаны қамтамасыз етеді.
Табысты болуының негізгі факторлары:
– жоғары нарықтық әлеует және жылдам интернетке сұраныс;
– тұтынушыға қолжетімді жеңіл бастама;
– клиентпен ашық және адал қарым-қатынас;
– жабдықты 15 күндік ақысыз тестілеу.
Нақты нәтижелер: Қамтамасыз ету мен кірістердің өсімі
2023 жылы FWA қызметі іске қосылғаннан кейін Tele2/Altel бір жылдың ішінде ел тұрғындарының 43%-ына қызмет көрсетіп, 5G-ден түсетін кірісті 28%-ға арттырды. Дегенмен FWA пайдаланушыларының ARPU (бір қолданушыдан орташа кіріс) көрсеткіші орташа базадан екі есе жоғары болды. Ал ай сайынғы трафик тұтынуы – баламалы қызметтерге қарағанда 10 есе көп болды. Ең бастысы FWA пайдаланушыларының қанағаттану деңгейі мен NPS көрсеткіші жоғары түрде тіркелді.
Жұмыс көлемін ұлғайтудың 5 қадамы мен бір басты ереже
Александр Бабичев өз сөзінде FWA-ның ауқымды табысының бес негізгі факторын атап өтті:
- 5G мен 4G қызметінің жоғары деңгейіне кепілдік беретін сапалы клиенттік жабдық;
- "Көріп алып, шешім шығарыңыз" моделі, клиентке еш тәуекелсіз FWA технологиясын сынауға мүмкіндік;
- Адал қарым-қатынас пен үмітті ақтау, белгілі бір жерде қызмет көрсету сапасын көрсететін нақты уақыттағы интерактивті қамту картасы;
- Араластырып сату – онлайн арналар + офлайн қызмет арқылы;
- Субсидиялар, бөліп төлеу және роутерді жалға беру арқылы тұтынушыға қолдануды жеңіл ету.
Басты қорытынды: егер клиент тұрақты және болжамды тәжірибе алса, бүкіл желі дайын болғанға дейін іске қоса беруге болады.
Tele2/Altel компаниясының бас директоры FWA-дан бөлек, 5G мен 4G желілерін белсенді дамытуға мүмкіндік беретін екі стратегиялық бастама туралы айтты:
- Refarming – ескі 3G желілеріндегі жиіліктерді 4G мен 5G технологияларына қайта ауыстыру. Компания мобильді интернетке өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін технологиялық ортаға көшіп жатыр.
"Тек соңғы 12 айдың ішінде желімізде бір клиенттің ай сайынғы трафик тұтынуы 21 ГБ-тан 33 ГБ-қа дейін өсті. Бұл көрсеткіш жаһандық орташа деңгей (16 ГБ) мен Қазақстандағы орташа тұтынудан (22 ГБ) айтарлықтай жоғары. Біз осындай керемет нәтижеге қуанамыз және осындай ауқымды жұмыстар мен трафик көлемінің ары қарай артуына дайынбыз", – деп атап өтті Tele2/Altel бас директоры.
Қазақстанның барлық ірі қалаларында 3G-ден 4G-ге көшу Tele2/Altel компаниясына клиенттік тәжірибе жағынан үлкен серпіліс жасауға мүмкіндік берді. Абоненттер интернеттің жылдамырақ болғанын және байланыстың жақсарғанын бірден байқады. Бүгінде Tele2/Altel Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Ақкөл, Қостанай, Тараз, Семей және Өскемен қалаларында 4G жиілік спектріне толық көшкен Қазақстандағы жалғыз оператор. Бұл жетістік – техникалық мамандардың ауқымды еңбегі, зор күш-жігері мен салынған инвестицияның нәтижесі.
- VoLTE технологиясы – Tele2/Altel бұл технологияны Қазақстанда алғаш болып коммерциялық негізде іске қосты. Қазіргі таңда дауыстық трафиктің 35%-дан астамы осы технология арқылы жүзеге асып жатыр. Бұл байланыс сапасын арттырып, шығындарды тиімді басқаруға септігін тигізуде.
"VoLTE бізге бірнеше маңызды артықшылық береді. Біріншіден, біз ескірген технологияларды (3G) өшіріп, дауыстық қоңырауларды заманауи әрі тиімді ортаға ауыстыру мүмкіндігіне ие болдық. Екіншіден, бұл бюджетті оңтайландыруға көмектеседі. Біз клиент пен компаниялар үшін өте маңызды болатын нәрсеге инвестиция салып жатырмыз. Одан бөлек, әрине, бұл пайдаланушыларымыздың байланыс сапасын жақсартады. Мессенджерлер мен басқа да арналардың дамуына қарамастан, дауыстық байланыс әлі де маңызға ие. VoLTE оны тұрақты, жылдам әрі дыбыс сапасын анығырақ ете түседі", – деп түйіндеді Александр.
Tele2/Altel үшін “GSMA M360 Eurasia 2025” саммитіне қатысу маңызды сәт болды. Халықаралық сарапшылар қазақстандық оператордың 5G-ді дамытуға деген ұмтылысын, клиенттің қажеттілігіне бағытталған, ауқымды түрде кеңейтуге болатын тиімді тәсілін жоғары бағалады. Шарада Александр Бабичевтің баяндама жасауының өзі Tele2/Altel компаниясының тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы технологиялық көшбасшы ретіндегі мәртебесін көрсетеді.

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
