"Ұстаздарды құрметтеу керек": Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев мектебінен шығып қалған оқушының дауына қатысты пікір білдірді

Оқу-ағарту министрлігі Назарбаев зияткерлік мектебінен оқу жылының аяқталуына екі күн қалғанда шығып қалған 11-сынып оқушысының жағдайына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік ресми мәлімдеме жасап, Қазақстанда мұғалім мәртебесі заңмен бекітілгенін және оның қоғамдағы ерекше рөлін атап өтті.
"Ата-аналар мен оқушылар ұстаздарды құрметтеуге тиіс, өйткені білім беру жүйесіне деген сенім ұстаздарға деген сенімнен басталады. Оқу-ағарту министрлігі олардың мәртебесіне нұқсан келтіретін кез келген әрекетті айыптайды. НЗМ тек ішкі тәртіп ережелеріне емес, адамгершілік пен кәсібилік қағидаттарына негізделген шешім қабылдайды деп сенеміз", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыны бітіру кешіне бір күн қалғанда оқудан шығарып жібергені айтылды. Кейін оқушы кешірім сұрап, өз нұсқасын айтып, президентке үндеу жолдаған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"