Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында мұғалімдер мектепте төбелес шығарып, соңы отамен аяқталды

Фото: сюжет кадрларынан скрин

Қосшыда тарих пәні мен математикадан беретін мұғалімдер бір-бірімен жанжалдасып төбелес шығарды. Біреуінің жағы сынып, екіншісінің беті көгеріп қалған олар төбелеске бір-бірін кінәлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 7-арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Тарих және математика мұғалімдері арасындағы төбелес сәуір айында мектеп спортзалында болған. Бірақ мұғалімдер полицияға екі айдан кейін ғана жүгінген.

“Мен жай ғана амандасқым келген. Бірақ байқамай қолым әріптесімнің бетіне тиіп кетіпті. Ол қолын бұлғап, кейін спортзалға шақырды. Келгенімде бетімнен ұрып жіберді”, – деді Қосшы қаласы мектеп-лицейінің мұғалімі Бекарыс Жақсыбаев.

Бекарыстың айтуынша, әріптесінің соққысы күшейіп, салдарынан жағы сынып, ауыр жарақат алған. Кейін Астанаға емделуге жіберіліп, ота жасатқан.

Алайда тарих пәнінің мұғалімі Ілияс Ибрагим болса, оның сөзін жоққа шығарып отыр. Айтуынша керісінше, өзі құрбан болған. Тіпті физикалық тұрғыдан ғана емес, беделіне де зиян келген.

“Мен ешкімді ұрған жоқпын. Дене шынықтыру мұғалімдері бізді ажыратып жатқанда, ол мені ұрды. Мұрным сынған, әлі де ізі бар. Бүкіл бетім көгерді”, – деді Ілияс Ибрагим.



Мектеп-лицей директоры төбелес кезінде елеулі қауіп болмағандықтан жедел жәрдем мен полиция шақырмағанын жеткізді.

"Жедел жәрдем" шақыруға ешқандай себеп болған жоқ. Ешкім бізден көмек сұраған жоқ. Қазір педагогикалық кеңес өткізуді жоспарлап отырмыз. Әлі кеш емес”, – деді IT мектеп-лицейінің директоры Нұркен Шахметов.

Полиция төбелес фактісі бойынша тергеуді бастады.  

STAN.KZ
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 12:28
Талқылау