Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық басқа адамға қателесіп қоңырау шалғаны үшін мерт болды: БҚО-дағы экс-полицейге үкім шықты

Фото: Жақындарының жеке архиві

Батыс Қазақстан облысының Тасқала аудандық соты 30 жастағы фельдшердің өліміне қатысты 24 жастағы экс-полицей мен 19 жастағы жігітке үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қылмыс болған түні медицина қызметкері достарымен үйде ішімдік ішкен. Ер адам досынан қарызға ақша алу үшін телефон соққысы келген, бірақ қателесіп сыныптас қызға қоңырау шалыпты. Қоңыраудың соңы фельдшер мен сыныптасының күйеуі арасындағы жанжалмен аяқталды.

Осыдан кейін әйел жағдайдың бәрін өз інісіне айтып беріпті. Інісі  бұрынғы СОБР полиция қызметкері екен. Ол достарымен бірге фельдшерге барып, оны және тағы бір ер адамды ұрып-соққан. Салдарынан фельдшер жансақтау бөлімінде көз жұмды.


“Шашынан тартып, тіземен тепкен”: Алматы облысындағы колледжде студент қыздар төбелесті


Қонаевтағы атыс: Кісі өлтірген 6 адам сотталды


Экс-полицей мен оның бір досы 10 жылға бас бостандығынан айырылса, тағы бір ер адам “Бұзақылық” бойынша үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Қылмыс жасалған кезде бұрынғы полиция қызметкері әлі де арнайы жасақта жұмыс істеген.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 22 Мамыр, 2025 13:07
Талқылау