Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шымкентте 8 жасар қызды зорламақ болған ер адам қайтадан қамауға алынды

Фото: 

Шымкентте 8 жасар қызды зорламақ болған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгін сот отырысында екінші сынып оқушысына тиіскен деген күдікке ілінген шымкент тұрғыны екі айға қамауға алынды. Қыз баланың адвокаты Талғат Есімовтің айтуынша, оқиға Шымкенттегі шағынаудандардың бірінде болған. Күдікті жәбірленуші қыздың артынан пәтердің кіреберісінде күтіп тұрып, азғындық әрекеттер жасаған.

Алайда 28 сәуір күні Шымкент қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолданудан бас тартқан. Бұл шешімге жәбірленуші тарап та, прокуратура да наразы болып, апелляциялық шағым түсірді.


Астанада бала зорламақ болды деген күдікпен қорғаныс министрлігінің офицері ұсталды


Адвокат Талғат Есімовтің айтуынша, Шымкент қалалық сотының апелляциялық алқасы судья Қ. Қонырбаеваның төрағалығымен тергеу сотының қаулысын жойып, күдіктіні қамауға алу туралы жаңа шешім шығарды. Сот алғашқы инстанция айтқан заңбұзушылықтың негізсіз екенін ескеріп, күдіктінің 21 мамырда жартылай ашық түрмеден (колония-поселения) босатылуы тиіс болғанын назарға алды.

Айта кетейік, қудалау кезінде күдікті жартылай ашық түрмеде (колония-поселения) жазасын өтеп жатқан. Бұған қоса, ол осыған дейін ұрлық, тонау және жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері үшін төрт рет сотталған.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 20:37
Талқылау