Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қытайлық компания Қазақстандағы көмір химиясы жобаларына 4 миллиард доллар инвестиция салмақ

Фото: t.me/KZgovernment

Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның көмір химиясы саласын дамыту жоспарлары туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Саланың жаңа перспективті бағыты ретінде көмір химиясы секторын дамыту пысықталып жатыр. Еліміздің ауқымды көмір қорларын ескере отырып, бұл бағытта даму – шикізаттық модельден бас тарту мен қосылған құнды арттырудың негізгі жолы. Осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда, China Enеrgy және East China Engineering жұмыстар жүргізіліп жатыр”.

China Enеrgy аммиак пен карбамид өндіру жобаларына 4 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға дайын. Сондай-ақ East China Engineering and Technology компаниясы "Samal Commodities" ЖШС-мен бірлесіп, органикалық химия өнімдерін өндіру жобасын әзірлеп жатыр.

“Сонымен қатар көмір химиясын дамытудың бекітілген Жол картасы аясында отандық көмір өндіруші кәсіпорындар еліміздің ғылыми институттарымен бірлесе отырып, сұранысқа ие химиялық өнімдерді алуға бағытталған озық технологияларды кешенді түрде зерттеп, енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – деп атап өтті Нағаспаев.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 12:24
Талқылау