Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Астаналықтар жүк көлігі баланы қағып кетуіне байланысты наразылыққа шықты

Видеодан скрин

Астаналықтар жүк көлігі баланы қағып кетуіне байланысты наразылыққа шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астанадағы аулалардың бірінде велосипедпен кетіп бара жатқан баланы жүк көлігі қағып кеткен еді. Ауыр жарақаттардың салдарынан ол көз жұмды. Осы қайғылы жағдайдан кейін тұрғындар наразылыққа шығып, баланың өліміне BI сервис компаниясын кінәлады. Тұрғындардың сөзінше, аулада велосипедке арналған жол да, бағдаршам да жоқ. Сол себепті бала амалсыздан жолдың бойымен жүрген.

"Құрылыс компаниясы неге мұны алдын ала қарастырмаған? Велосипедпен де, самокатпен де жүретін жер жоқ. Менің екі оқушы балам бар. Оларды мектепке апарып, қайта алып келуім керек. Өйткені жол қауіпсіз емес, балаларымызды алаңсыз мектепке жібере алмаймыз", — дейді тұрғындардың бірі.


Ақмола облысында көлік тұрғын үй ауласында 2 жасар баланы қағып өлтірді


Аулада "Абайлаңыз, балалар!" деген белгі де, жаяу жүргіншілерге арналған жол да жоқ. Тұрғындардың айтуынша, құрылыс компаниясының өкілдері тек қайғылы оқиғадан кейін ғана мәселені шешуге әрекеттене бастаған. Алайда тұрғын үй кешені пайдалануға берілгеніне төрт жыл өтіпті.

“Көлік артқы жақпен шыққан кезде көрмеуі заңдылық. Ешқандай қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Артқа жүк көлігі шыққан кезде біреу қарап тұруы қажет қой. Бейнебақылау камерасын орнатса бұлай болмас еді. Қоқыс жәшіктерін қойып қойған”, “Біз ата-аналар осымен қанша рет камера қойсын, бағдаршам қойсын, қоқыс жәшіктерін алып тастасын деп шағымдандық. Ешқандай жұмыс жасалған жоқ”, – дейді ата-аналар.

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 18:59
Талқылау