Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Елімізде ең ауқымды киберспорт турнирі Community Cup-қа тіркеу жалғасуда

3 сәуірде жылдағы ең ауқымды киберспорт турнирлерінің бірі — CS2 KZ 2025 Community Cup-қа тіркеу басталды. Турнирге Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады. Қазірдің өзінде елдің ең мықты командаларын анықтау үшін іріктеу кезеңдері өтуде.

Іріктеу кезеңдері әр сенбі сайын өткізіледі:

  • Іріктеу №1 — 5 сәуір
  • Іріктеу №2 — 12 сәуір
  • Іріктеу №3 — 19 сәуір 
  • Іріктеу №4 — 26 сәуір

Плей-офф 3–4 мамырда өтеді, ал LAN-финал 15 мамыр күні Астанадағы The Hood компьютерлік клубында өтеді. Финалистердің ұшу және тұру шығындарын турнир ұйымдастырушысы — Qazaq Cybersport Federation өз мойнына алады.

Турнирдің басты жүлдесі — PGL Astana 2025 турнирінің Stage сахнасында қонақ ретінде шақыру алу. Финал 16–18 мамыр аралығында Барыс Аренада өтеді. Жеңімпаз команда бүкіл турнир бойы 5 VIP-орынға ие болады. Екінші орын алған командаға 5 стандартты билет беріледі. Сонымен қатар, ТОП-4 командалар қатарына енген барлық қатысушылар құнды ойын құрылғыларымен марапатталады.

Qazaq Cybersport Federation президенті Қуанышбек Есекеевтің пікірі:

"CS2 KZ 2025 Community Cup — бұл CS2 халықаралық сахнасымен танысуға мүмкіндік беретін турнир. Астанада өтетін PGL — бәріміз үшін маңызды оқиға. Киберспорт шет қалмайды, ол дамуын жалғастырып, жаңа деңгейлерге шыға береді және ұлттық спорт контексінің бір бөлігіне айналады. Біз үшін таланттар мен инфрақұрылымды қолдау — басты басымдық".

Тіркеу жалғасуда. CS2 KZ 2025 Community Cup-қа қосыл да, көктемнің ең ірі турнир сахнасына шығуға лайық екеніңді дәлелде! 

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 10:49
Талқылау