Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Флоридадағы Орландо әуежайында рейс алдында ұшақ өртенді

Фото: видео кадрларынан скрин 

АҚШ-та Флорида штатында Delta авиакомпаниясының жолаушылар ұшағының қозғалтқышынан рейс алдында өрт шықты. Борттағы жолаушылар эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға Орландо қаласының халықаралық әуежайында болған. Әлеуметтік желілерде оң жақ қозғалтқыштан түтін шығып, кейін жалын шыққаны видеокадрларына түскен. Жолаушылар әуе кемесінен үрлемелі баспалдақпен шыққан. 

Airbus A330 ұшағы Орландодан Атлантаға 1213 нөмірлі рейспен ұшуы керек еді. Бортта 282 жолаушы, 10 экипаж мүшесі және екі ұшқыш болған. Delta экипажды эвакуациялау туралы шешім қабылдағанын растады. Себебі ұшақтың екі негізгі қозғалтқышының біреуінен өрт шыққанын байқаған.

Терминалдан түсірілген тағы бір видеода жолаушылардың ұшу алаңында тұрғанын және ұшақтың жанында жедел жәрдем көліктері бар екені көрсетілген. 



"Біз жолаушыларға түсіністік танытқаны үшін алғыс айтамыз және олардың осындай жағдайға тап болғаны үшін кешірім сұраймыз. Біз үшін қауіпсіздіктен маңызды ештеңе жоқ. Delta қызметкерлері жолаушыларымыздың межелі жерлеріне мүмкіндігінше тезірек жетуі үшін бәрін жасайды", — деді Delta авиакомпаниясы.

Америкалық авиация билігі бұл оқиғаны тергеуді бастады. 

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та науқас қызды тасымалдап бара жатқан жедел жәрдем ұшағы құлап, апатқа ұшыраған.

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 11:26
Талқылау