Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Бұрын коронавирус жұқтырған адамдар 50% жиірек және ұзақ уақыт ауырады

Ғалымдар COVID-19 жұқтырғандар басқа ауруларды тез жұқтыратынын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com

Коронавирусты жұқтырған адамдар суық тисе, ұзақ ауыратынын, жөтелі кетіп болмайтынын байқады. Сент-Луис университетінің (АҚШ) ғалымдары мұны растады. Олар COVID-19-дан айыққан 200 000-нан астам адамның және инфекциясыз 600 000 адамның медициналық жазбаларына талдау жасаған.

"COVID-19 ауырлығына байланысты басқа инфекцияларды жұқтыру қаупі 20-50% артады", – деп мәлімдеді мамандар.



Коронавирустан кейінгі жылы сауығып кеткендердің бактериялық инфекциялар, саңырауқұлақтар, вирустар, тыныс алу жолдарының аурулары және өкпенің жедел зақымдануы әлдеқайда көп болды. Тіпті жеңіл COVID-19 ауруы бар адамдарда басқа ауруны жұқтыру ықтималдығы жоғары болды.

Ғалымдар мұның неліктен болғанын әзірге нақты айта алмайды. Зерттеушілер COVID-19 шырышты қабықтарды зақымдап, оларды патогендерге өткізгіштігін арттыру арқылы иммундық жүйеге ұзақ мерзімді теріс әсер етуі мүмкін деп болжайды. Олар осы құбылыстың артындағы тетіктерді түсіну үшін қосымша зерттеулер қажет екенін көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін мамандар жаңадан тараған метапневмовирустың қаупі туралы айтқан еді. 

STAN.KZ
Жексенбі, 20 Сәуір, 2025 19:48
Талқылау