Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет емшек сүті сақталатын банк ашылды

Елімізде алғаш рет нәрестелер еметін сүттің жеке банкі пайда болмақ. Жаңа жобаны Алматы қаласының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы іске асырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба AYALA қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асып жатыр. Бұл табиғи тағамды тікелей анасынан ала алмайтын ерекше медициналық қажеттігі бар шала туған және жаңа туған нәрестелердің өмірін сақтауға бағытталған.

Жеке емшек сүтінің банкі аурухана жағдайында, нәресте әртүрлі себептермен анасынан емшек сүтін ала алмаған кезде (мысалы, ауыр босану кезіндегі медициналық көрсеткіштерге байланысты), мұндай банк таптырмас ресурсқа айналады. Сол арқылы жансақтау бөліміндегі жаңа туған нәрестелерінен мәжбүрлі түрде бөлінген аналарға қолдау көрсетіледі.

Министрліктің айтуынша, емшек сүтін қауіпсіз сақтау процесін ұйымдастыру нәрестелерді құнды тамақпен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар лактацияны сақтауға, аналардағы стресті азайтуға және ауыр босанғаннан кейін де баламен байланысын нығайтуға көмектеседі.



Емшек сүті анасынан сауылғаннан кейін медбикенің бақылауымен міндетті таңбаланған стерильді жеке ыдыстарда (сауу күні мен уақыты белгіленіп) сақталады. Жеке және клиникалық емшек сорғыларын пайдалануға рұқсат етіледі. Барлық іс-шара санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.

Банк сонымен қатар сауылған сүттерді төмен температурада сақтайды. Мұнда салқындатылған (4 ± 2 °C температурада сақталған) және мұздатылған (-18...-20 °C температурада) сүтті сақтауға болады.

Болашақта денсаулық сақтау министрлігі жоғары қауіпті факторлары бар жүкті әйелдер мен шала және салмағы аз балалар туатын елдердің 3-деңгейдегі перинаталдық орталығында осындай банктер ашуды жоспарлап отыр.

Емшек сүті жаңа туған нәрестелер үшін оңтайлы тамақтану ретінде танылады: оның құрамында баланың толық өсуіне, дамуына және тұрақты иммунитетін қалыптастыруға қажет қоректік заттар мен ферменттердің тамаша теңдестірілген кешені бар. Оның бірегей құрамы жұқпалы аурулардан қорғауды қамтамасыз етеді және ұзақ мерзімді денсаулықты қалыптастыруға ықпал етеді.

Талқылау