Алматыда қатты жаңбыр жауып, дауыл болды (видео)
Алматыда қатты жаңбыр жауып, дауыл болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі қолданушылары күн райының күрт өзгерген сәтін фото, видеоға түсіріп, бөлісіп жатыр.
Қатты найзағай ойнап, нөсер, бұршақ жауған.
Тұрғындардың айтуынша, салдарынан үйлердің шатыры зақымданып, ағаштар құлап, кейбір аудандарда электр қуаты өшіп қалған.
Синоптиктердің мәліметінше, 8 сәуірге қараған түні қалада күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады деп болжанып отыр. Найзағай кезінде желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетуі мүмкін.
Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын сақтық шараларын сақтауға, автокөліктерді ағаштардың астында қалдырмауға және қатты желден қирап қалатын әлсіз қорғалған құрылыстардың жанына бармауға шақырды.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты