Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының экс-орынбасарының ағасы 11 жылға сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бұрынғы орынбасарының ағасы 11 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Дауренбек Қожабаевқа қатысты қылмыстық істі қарады. Оған бұған дейін аса ірі көлемде пара алғаны үшін айып тағылған болатын.
"Сот Қожабаевты ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы белгіленді. Сотталған азамат жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады", – деп хабарлады Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Жетісудағы аудандық сот төрағасы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
