Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны 1 миллиард теңгеден асатын мүлік тәркіленді": "HAS" қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сотталды

Павлодарда бір топ азамат өздерін акциямен айналысатын компания ретінде таныстырған. 5 мыңнан аса азаматты алдаған компания өкілдері жауапкершілікке тартылды. Олар азаматтардан алынған 1 миллиард теңгеден астам қаржыға пәтер, көлік, жер учаскесіін сатып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Павлодарда "HAS" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар өздерін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстырған. Күдіктілер азаматтарды түрлі инвестициялық жобаларға ақша салуға үгіттеп, ай сайын 70%-ға дейін пассивті табыс алуға уәде берген.

“Әлеуметтік желілерде жалған акциялар белсенді түрде жарияланып, оның ішінде Астана мен Қосшы қалаларында тұрғын үй салу туралы ақпарат таралған. Белсенді құрылыс иллюзиясын жасау үшін декорациялар мен арнайы техника жалданған.

Салдарынан қаржы пирамидасына 5 мыңнан астам салымшы тіркелген.



Сот 5 қатысушыға 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сонымен қатар зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу мақсатында салымшылардың ақшасына алынған 1 миллиардтан астам теңге құны бар мүлік тәркіленді”, – делінген хабарламада. 

Агенттік ұсталғандардың активтер қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат және есепшоттардағы ақша қаражаты болғанын жеткізді.

Талқылау