Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында білім саласының қызметкерлері ақша жымқырды және пара алды деген күдікке ілінді

Ақтөбе қалалық білім басқармасының бас маманы 5 миллион теңгеге жуық қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысының білім саласында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталғанын мәлімдеді. Облыстық білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасы басшысының міндетін атқарушының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Шенеунік аттестациядан өтуге көмектескені үшін мектеп директорларынан пара алды деген күдікке ілінді. Дегенмен агенттік пара сомасын нақтыламады.

Ақтөбе қалалық білім басқармасының бас маманына қатысты екінші іс тергеліп жатыр. Ол 4,9 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол өзіне белгіленген мөлшерден артық жалақы аударған.



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мектептердегі ұрлықпен қалай күресіп жатқанын баяндады.

"Қазір бірыңғай техникалық талаптарға сай бухгалтерлік бағдарламалар енгізіліп жатыр. Олар жалақыны негізсіз көтеру, "өлі жандарға" ақша аудару сияқты заңбұзушылықтарды болдырмайды. Сонымен қатар, "облачная бухгалтерия" жүйесі мемлекеттік органдар мен қазынашылық базаларымен біріктірілетін болады", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін СҚО-да коммерциялық ұйым басшысы Ұлттық қордан бөлінген ақшаны жымқырды деп күдікке ілінгені туралы жазған едік. 

Талқылау