Ресейде қазақстандық кәсіптегі серіктесін өлтірді деп күдікке ілініп, ұсталды
Павлодарда бизнес-серіктесін өлтіріп қашып кеткен азамат Ресейде ұсталды. Ол елге экстрадицияланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Оқиға ақпан айында болған.
“Биыл ақпан айында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласында үйлердің бірінің ауласынан кәсіпкердің мәйіті табылды.
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі Шарыпово қаласында қылмыстық қудалау органдары өзінің бизнес-серіктесін өлтірді деп күдіктелген Қазақстан азаматын ізінен ұстады”, – делінген хабарламада.
-
"Президент келерде ғана жол белгісін салған": Прокурор Ақтөбе әкімдігінің қызметкерін 8 жылға соттауды сұрады
Кісі өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазір прокуратура күдіктіні елге экстрадициялау үшін шаралар қабылдап жатыр. Бұл қылмысты жасағаны үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
